https://sputnik.kz/20250622/khalyqaralyq-zhagday-kurt-nasharlap-zhatyr---qazaqstan-sim-irandagy-zhagday-turaly-55003499.html
Халықаралық жағдай күрт нашарлап жатыр - Қазақстан СІМ Ирандағы жағдай туралы
Халықаралық жағдай күрт нашарлап жатыр - Қазақстан СІМ Ирандағы жағдай туралы
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр, деді министрліктегілер 22.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-22T13:03+0500
2025-06-22T13:03+0500
2025-06-22T13:04+0500
қазақстан
иран
ақш
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54734371_0:96:3303:1954_1920x0_80_0_0_2bb33d6f039c5be72a7ad668b11f73f0.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдеме жасады.Ведомство хабарлағандай, АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалып отыр.Қазақстан СІМ Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырды.
https://sputnik.kz/20250616/120-ga-zhuyq-adam-irandagy-qazaqstandyqtar-elden-turikmenstan-arqyly-shygyp-zhatyr-54701465.html
қазақстан
иран
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/10/54734371_287:0:3018:2048_1920x0_80_0_0_298f5d6f43306aaa4dad4c5d560460ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, иран, ақш
Халықаралық жағдай күрт нашарлап жатыр - Қазақстан СІМ Ирандағы жағдай туралы
13:03 22.06.2025 (жаңартылды: 13:04 22.06.2025) Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр, деді министрліктегілер
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдеме жасады.
Ведомство хабарлағандай, АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалып отыр.
"Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды", - деп жазылған мәлімдемеде .
Қазақстан СІМ Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырды.