https://sputnik.kz/20250616/120-ga-zhuyq-adam-irandagy-qazaqstandyqtar-elden-turikmenstan-arqyly-shygyp-zhatyr-54701465.html
Ирандағы қазақстандықтар елден Түрікменстан арқылы шығып жатыр
Ирандағы қазақстандықтар елден Түрікменстан арқылы шығып жатыр
Sputnik Қазақстан
Ираннан келгендер көлік, азық-түлік, қонақ үй және ең қажетті заттармен қамтамасыз етілді 16.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-16T11:47+0500
2025-06-16T11:47+0500
2025-06-16T12:00+0500
түрікменстан
иран
қазақстан
https://sputnik.kz/img/17/83/178355_0:0:3007:1691_1920x0_80_0_0_62f6df2fa10ab020b64bb6828825e923.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Түрікменстан Ираннан келген шетел азаматтарына гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлады елдің сыртқы істер министрлігі.Түркіменстан Таяу Шығыстағы қақтығыс жағдайына байланысты елден шығамын деген азаматтарға өз аумағын ұсынды. Олардың қатарында шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қазіргі уақытта Иранда жүрген басқа да азаматтар бар. Мемлекет оларды Ираннан шығару бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр.Түрікменстан Ираннан келгендерді көлік, азық-түлік, қонақ үй және ең қажетті заттармен қамтамасыз етті, деп хабарлады ведомстводағылар.Министрлік гуманитарлық миссияны жүзеге асыру шеңберінде Түрікменстанның тиісті мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста екенін де жариялады.Еске салсақ, маусымның 13-іне қараған түні Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ауқымды операция бастап, әуе күштері Иранның әскери және ядролық бағдарлама нысандарына соққы жасады. Израиль шабуылдарын жалғастырып жатыр.
https://sputnik.kz/20250615/54676270.html
түрікменстан
иран
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/17/83/178355_155:0:2886:2048_1920x0_80_0_0_40e08c699039821b5db99ffe98da97b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан, иран, қазақстан
түрікменстан, иран, қазақстан
Ирандағы қазақстандықтар елден Түрікменстан арқылы шығып жатыр
11:47 16.06.2025 (жаңартылды: 12:00 16.06.2025) Ираннан келгендер көлік, азық-түлік, қонақ үй және ең қажетті заттармен қамтамасыз етілді
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Түрікменстан Ираннан келген шетел азаматтарына гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлады елдің сыртқы істер
министрлігі.
Түркіменстан Таяу Шығыстағы қақтығыс жағдайына байланысты елден шығамын деген азаматтарға өз аумағын ұсынды. Олардың қатарында шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қазіргі уақытта Иранда жүрген басқа да азаматтар бар. Мемлекет оларды Ираннан шығару бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр.
"Бүгінгі күні Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын өткізу бекеттері арқылы кесіп өтті", - деп жазылған хабарламада.
Түрікменстан Ираннан келгендерді көлік, азық-түлік, қонақ үй және ең қажетті заттармен қамтамасыз етті, деп хабарлады ведомстводағылар.
Министрлік гуманитарлық миссияны жүзеге асыру шеңберінде Түрікменстанның тиісті мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста екенін де жариялады.
Еске салсақ, маусымның 13-іне қараған түні Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ауқымды операция бастап, әуе күштері Иранның әскери және ядролық бағдарлама нысандарына соққы жасады. Израиль шабуылдарын жалғастырып жатыр.