АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Қытайдан Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар әкелінді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Алматы локомотив депосына Қытайдың CRRC Ziyang әзірлеген CKD6H сериялы маневрлік тепловоздарды жеткізілді. Бұл - ТМД кеңістігіндегі алғашқы салтанатты шара болды, дейді компания.
“CKD6H тепловозы CRRC экологиялық таза көлік платформасы негізінде құрылған және Орталық Азияның қатал климатына бейімделген. Гибридті күштік қондырғысы (дизельді қозғалтқыш + тартқыш батарея) цифрлық технологиямен және қуат тұтынуды басқарудың интеллектуалды жүйесімен жасалған”, - дейді ведомство.
Дәстүрлі тепловоздармен салыстырғанда жаңа локомотивте отын шығыны 45%-ке азаяды. Шу деңгейі 80%-тен ластаушы заттардың шығарындылары 83%-ке дейін төмендейді екен. Жаңа локомотивтер 540 кВт/сағ дизельді қозғалтқышпен де, кем дегенде 900 кВт/сағ батарея жинағымен де жабдықталған. Локомотив небәрі 14 айда жасалып, сынақтан өткен.