Шу деңгейі төмен, отын шығыны аз: Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар келді

© Photo : ҚТЖҚазақстанға экологиялық тепловоздар келді
Қазақстанға экологиялық тепловоздар келді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Локомотив небәрі 14 айда жасалып, сынақтан өткен
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Қытайдан Қазақстанға алғашқы экологиялық тепловоздар әкелінді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
© Photo : ҚТЖҚазақстанға экологиялық тепловоздар келді
Қытайдан экологиялық тепловоздар әкелінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Қазақстанға экологиялық тепловоздар келді
Алматы локомотив депосына Қытайдың CRRC Ziyang әзірлеген CKD6H сериялы маневрлік тепловоздарды жеткізілді. Бұл - ТМД кеңістігіндегі алғашқы салтанатты шара болды, дейді компания.
“CKD6H тепловозы CRRC экологиялық таза көлік платформасы негізінде құрылған және Орталық Азияның қатал климатына бейімделген. Гибридті күштік қондырғысы (дизельді қозғалтқыш + тартқыш батарея) цифрлық технологиямен және қуат тұтынуды басқарудың интеллектуалды жүйесімен жасалған”, - дейді ведомство.
Дәстүрлі тепловоздармен салыстырғанда жаңа локомотивте отын шығыны 45%-ке азаяды. Шу деңгейі 80%-тен ластаушы заттардың шығарындылары 83%-ке дейін төмендейді екен. Жаңа локомотивтер 540 кВт/сағ дизельді қозғалтқышпен де, кем дегенде 900 кВт/сағ батарея жинағымен де жабдықталған. Локомотив небәрі 14 айда жасалып, сынақтан өткен.
Елордадағы зауыт Жолаушылар тасымалы АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Елордадағы зауыт "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін биыл 51 вагон дайындайды
Жаңалықтар
0