Ақтөбе облысында үздік құтқарушыларға пәтер берілді

Жаңа техниканың ішінде заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер және мамандандырылған инженерлік автомобильдер бар
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының құтқарушыларына жаңа техника салтанатты түрде табысталды, ал аудандық қызметтердің үздік 10 қызметкеріне пәтердің кілтін тапсырылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңа техниканың ішінде заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер және мамандандырылған инженерлік автомобильдер бар.
Министр Шыңғыс Әріновтың айтуынша, алдағы уақытта аумақтық бөлімшелерді — техникалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жүйелі түрде қолдау жасалатын болады. Заманауи техника жергілікті бюджет есебінен лизингке сатып алынды.
Ақтөбе облысында үздік құтқарушыларға пәтер табысталды
Ал қызметтік тұрғын үйлер көп жылғы қызметі мен мамандыққа адалдығы үшін табысталды. Оны өз қызметінде жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытқан 10 қызметкер алды.
"Қызметтік пәтерлерді беру-біздің құтқарушыларымызға күнделікті еңбектері үшін құрмет пен ризашылықтың белгісі. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатын болады", - дейді өңір басшысы Асхат Шахаров.
Ақтөбе облысында үздік құтқарушыларға пәтер табысталды
Ақтөбенің орталық алаңында арнайы техника мен жабдықтар көрмесі де ұйымдастырылып, құтқару қызметтерінің қазіргі заманғы жабдықталу деңгейі мен дайындығы көрсетілді.
Алматыда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды