Алматыда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды

© Photo : Алматы әкімдігіПариж олимпиадасының жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды
Париж олимпиадасының  жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Спортшылардың жаңа баспанада жайлы өмір сүруі үшін пәтерге әрлеу жұмыстары жүргізілген
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Жеңімпаз спортшыларға ақшалай сертификат, автокөлік кілті және тұрғын үй алуға арналған сертификат 2024 жылы тамыз айында салтанатты кездесуде табысталған болатын.

"Осы уақыт аралығында арнайы бюджет қалыптастырылып, барлық мемлекеттік сатып алу рәсімі – байқау өткізуден бастап келісімшартқа қол қоюға дейін – толықтай заңға сәйкес орындалды. Бірнеше айға созылған сатып алу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары 2025 жылдың 9 қаңтарында толық аяқталды. Спортшылардың жаңа баспанада жайлы өмір сүруі үшін пәтерге әрлеу жұмыстары жүргізілді", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Парижде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.
Елдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Париж Олимпиадасы: жүлде алған қазақстандық спортшыларға қанша ақша төленеді
Жаңалықтар
0