Париж Олимпиадасы: жүлде алған қазақстандық спортшыларға қанша ақша төленеді

© Туризм және спорт министрлігіЕлдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы
Елдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Жазылу
Олимпиадада алған 4 медаль үшін 625 мың доллар төленеді
АСТАНА, 4 тамыз - Sputnik. Қазақстандық спортшылар Париждегі төрт Олимпиада медалі үшін 625 мың доллар алады.
Қазақстан құрамасының қоржынында 4 тамыздағы жағдай бойынша бір алтын, бір күміс және екі қола медаль бар.
Әзірге алтын медальдың жалғыз иегері – дзюдошы Елдос Сметов, күміс жүлдегер – гимнаст Нариман Құрбанов және қола медаль иегерлері – дзюдошы Гузман Қырғызбаев пен мергендерАлександра Ле мен Ислам Сәтбаев.
Қазақстандық спортшыларға жүлделі орындар үшін берілетін қомақтысомалар спорт министрлігі әзірлеген төлем ережелері бойынша тағайындалады.
Медаль иегерлеріне қандай төлемдер төленеді:
алтын - 250 мың доллар;
күміс - 150 мың доллар;
қола - 75 мың доллар.
Бүгін – Париждегі олимпиаданың 9-шы күні.
Казахстанец Нариман Курбанов стал чемпионом этапа кубка мира по спортивной гимнастике - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Нариман Құрбановтың сыйақысы белгілі болды
Жаңалықтар
0