Нариман Құрбановтың сыйақысы белгілі болды

© Photo : Оlympic.kzКазахстанец Нариман Курбанов стал чемпионом этапа кубка мира по спортивной гимнастике
Казахстанец Нариман Курбанов стал чемпионом этапа кубка мира по спортивной гимнастике - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Жазылу
Заңға сәйкес олимпиаданың күміс жүлдегеріне 150 мың доллар (71 миллион теңгеден аса) беріледі
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған қазақстандық гимнаст Нариман Құрбановтың сыйақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заң бойынша Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қомақты сыйақы қарастырылған. Биыл оның мөлшері өзгермейді:
алтын медаль - 250 000 доллар;
күміс - 150 000 доллар;
қола – 75 000 доллар.
Бұдан бөлек, олимпиадалық спорт түрлері үшін әлемдік рекорд орнатқаны үшін қосымша 5 000 доллар қарастырылған.
Айта кетейік, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов 2024 жылығы Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.
Қазақстанда Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмір бойына ай сайын материалдық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары да қарастырылған.
Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Тарихи жүлде: қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды
Жаңалықтар
0