Тарихи жүлде: қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды

© Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіНариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Жазылу
Ол спорттық гимнастикадан жазғы ойындарда жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ол ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады. Ол спорттық гимнастикадан жазғы ойындарда жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл жарыста алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.
Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).
Жаңалықтар
0