https://sputnik.kz/20250608/aqtobe-oblysynda-uzdik-qutqarushylarga-pater-tabystaldy-54398195.html
Ақтөбе облысында үздік құтқарушыларға пәтер берілді
Ақтөбе облысында үздік құтқарушыларға пәтер берілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа техниканың ішінде заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер және мамандандырылған инженерлік автомобильдер бар 08.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-08T17:16+0500
2025-06-08T17:16+0500
2025-06-08T17:22+0500
ақтөбе
баспана
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/07e9/06/08/54397715_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_abadc7f0172218c4b090eb6d9f53c661.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының құтқарушыларына жаңа техника салтанатты түрде табысталды, ал аудандық қызметтердің үздік 10 қызметкеріне пәтердің кілтін тапсырылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Жаңа техниканың ішінде заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер және мамандандырылған инженерлік автомобильдер бар.Министр Шыңғыс Әріновтың айтуынша, алдағы уақытта аумақтық бөлімшелерді — техникалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жүйелі түрде қолдау жасалатын болады. Заманауи техника жергілікті бюджет есебінен лизингке сатып алынды.Ал қызметтік тұрғын үйлер көп жылғы қызметі мен мамандыққа адалдығы үшін табысталды. Оны өз қызметінде жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытқан 10 қызметкер алды.Ақтөбенің орталық алаңында арнайы техника мен жабдықтар көрмесі де ұйымдастырылып, құтқару қызметтерінің қазіргі заманғы жабдықталу деңгейі мен дайындығы көрсетілді.
https://sputnik.kz/20250502/almatyda-olimpiada-oyyndarynyn-zhuldegerlerine-pater-kilti-tabystaldy---53114186.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/08/54397715_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_8e899033d25a30c0c15cb1563c37c276.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, баспана, құтқарушылар
ақтөбе, баспана, құтқарушылар
Ақтөбе облысында үздік құтқарушыларға пәтер берілді
17:16 08.06.2025 (жаңартылды: 17:22 08.06.2025) Жаңа техниканың ішінде заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер және мамандандырылған инженерлік автомобильдер бар
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының құтқарушыларына жаңа техника салтанатты түрде табысталды, ал аудандық қызметтердің үздік 10 қызметкеріне пәтердің кілтін тапсырылды, деп хабарлады
төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңа техниканың ішінде заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер және мамандандырылған инженерлік автомобильдер бар.
Министр Шыңғыс Әріновтың айтуынша, алдағы уақытта аумақтық бөлімшелерді — техникалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жүйелі түрде қолдау жасалатын болады. Заманауи техника жергілікті бюджет есебінен лизингке сатып алынды.
Ал қызметтік тұрғын үйлер көп жылғы қызметі мен мамандыққа адалдығы үшін табысталды. Оны өз қызметінде жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытқан 10 қызметкер алды.
"Қызметтік пәтерлерді беру-біздің құтқарушыларымызға күнделікті еңбектері үшін құрмет пен ризашылықтың белгісі. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатын болады", - дейді өңір басшысы Асхат Шахаров.
Ақтөбенің орталық алаңында арнайы техника мен жабдықтар көрмесі де ұйымдастырылып, құтқару қызметтерінің қазіргі заманғы жабдықталу деңгейі мен дайындығы көрсетілді.