Абай облысында ағаш өңдеу кешені салынады

Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды
Sputnik
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Абай облысында ағаш өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
"Заманауи технология бойынша экологиялық таза ағаш плиталарын, теміржол және трамвай жолдарына арналған шпалдар өндірілмек. Мұнда жылына 500 мың текше метр көлемінде ағаш материалдарын өңдеп шығару қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен өндірістік аймақтан жер телімі бөлінді. Кешеннің алғашқы кезеңін іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Абай облысында ағаш өңдеу кешенінің құрылысы басталды
Ағаш өңдеу кешенінің іргетасын қалау рәсімінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр жобаның маңызына тоқталды.
Абай облысында ағаш өңдеу кешенінің құрылысы басталды
"Бұл - біздің облысымыз үшін және Семей қаласының дамуы үшін өте қажетті жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, экологиялық таза және инновациялық технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік аламыз", - деді ол.
Алматы қаласында картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады