https://sputnik.kz/20250607/abay-oblysynda-agash-ondeu-kesheni-salynady-54377808.html
Абай облысында ағаш өңдеу кешені салынады
Абай облысында ағаш өңдеу кешені салынады
Sputnik Қазақстан
Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды 07.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-07T14:55+0500
2025-06-07T14:55+0500
2025-06-07T14:55+0500
ағаш
зауыт
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/06/06/54364331_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_55f1c766064f25ca5c76bd3a80238078.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Абай облысында ағаш өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен өндірістік аймақтан жер телімі бөлінді. Кешеннің алғашқы кезеңін іске қосу 2026 жылға жоспарланған.Ағаш өңдеу кешенінің іргетасын қалау рәсімінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр жобаның маңызына тоқталды."Бұл - біздің облысымыз үшін және Семей қаласының дамуы үшін өте қажетті жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, экологиялық таза және инновациялық технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік аламыз", - деді ол.
https://sputnik.kz/20250527/almaty-qalasynda-karton-men-qagaz-ondiretin-zhana-zauyt-salynady-53953796.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/06/54364331_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0c2589183d27e066d372502396932de7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ағаш, зауыт, абай облысы
Абай облысында ағаш өңдеу кешені салынады
Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Абай облысында ағаш өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
"Заманауи технология бойынша экологиялық таза ағаш плиталарын, теміржол және трамвай жолдарына арналған шпалдар өндірілмек. Мұнда жылына 500 мың текше метр көлемінде ағаш материалдарын өңдеп шығару қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен өндірістік аймақтан жер телімі бөлінді. Кешеннің алғашқы кезеңін іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Ағаш өңдеу кешенінің іргетасын қалау рәсімінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр жобаның маңызына тоқталды.
"Бұл - біздің облысымыз үшін және Семей қаласының дамуы үшін өте қажетті жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, экологиялық таза және инновациялық технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік аламыз", - деді ол.