https://sputnik.kz/20250527/almaty-qalasynda-karton-men-qagaz-ondiretin-zhana-zauyt-salynady-53953796.html
Алматы қаласында картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады
Алматы қаласында картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба жаңа өндірістік кешеннің құрылысын және қолданыстағы зауытты жаңғыртуды қамтиды 27.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-27T21:23+0500
2025-05-27T21:23+0500
2025-05-27T21:23+0500
зауыт
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35393577_7:0:1273:712_1920x0_80_0_0_42d5f7070556a1d8d34e4ec9c5ecf2cb.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының индустриялық аймағында картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрлігі.Бұл мақсатта "Жасыл даму" АҚ мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ бірлесіп 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жобаны қаржыландырды.Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураны пайдалануында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді.Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба жаңа өндірістік кешеннің құрылысын және қолданыстағы зауытты жаңғыртуды қамтиды. Бұл гофрлеу қағазы, гофрленген картонның тегіс қабаттарына арналған картон және гипсокартон бұйымдарына арналған қаптау картонын өндіру көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде құрамында масса дайындау қондырғылары, қағаз жасау машиналары, ағын суларды тазарту құрылғылары мен қазандықтар секілді жоғары технологиялы жүйелермен жабдықталған қағаз және картон өндіру желісі іске қосылады.Құрылыс-монтаж жұмыстарына 12 млрд теңге қарастырылған, ал жабдықтар мен арнайы техниканы лизингке сатып алуға тағы 25,1 млрд теңге бөлінген."KZ Recycling" ЖШС – Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейдің бірнеше қалаларында да макулатура жинау бойынша кең өкілдік желісі бар жалғыз отандық компания.
https://sputnik.kz/20250523/almaty-oblysynda-alkogolsiz-susyn-shygaratyn-zauyt-salynady-53828300.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35393577_166:0:1115:712_1920x0_80_0_0_6482e1034ef7aa1d6c6aaf81f7a11cc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, алматы
Алматы қаласында картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады
Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба жаңа өндірістік кешеннің құрылысын және қолданыстағы зауытты жаңғыртуды қамтиды
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының индустриялық аймағында картон мен қағаз өндіретін жаңа зауыт салынады, деп хабарлады
экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Бұл мақсатта "Жасыл даму" АҚ мен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ бірлесіп 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жобаны қаржыландырды.
Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураны пайдалануында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді.
Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба жаңа өндірістік кешеннің құрылысын және қолданыстағы зауытты жаңғыртуды қамтиды. Бұл гофрлеу қағазы, гофрленген картонның тегіс қабаттарына арналған картон және гипсокартон бұйымдарына арналған қаптау картонын өндіру көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде құрамында масса дайындау қондырғылары, қағаз жасау машиналары, ағын суларды тазарту құрылғылары мен қазандықтар секілді жоғары технологиялы жүйелермен жабдықталған қағаз және картон өндіру желісі іске қосылады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына 12 млрд теңге қарастырылған, ал жабдықтар мен арнайы техниканы лизингке сатып алуға тағы 25,1 млрд теңге бөлінген.
"KZ Recycling" ЖШС – Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейдің бірнеше қалаларында да макулатура жинау бойынша кең өкілдік желісі бар жалғыз отандық компания.