АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері елде кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға артық.
Сырқаттардың ең көп саны:
Солтүстік Қазақстан облысында - 6 жағдай;
Ақмола облысында - 4;
Шығыс Қазақстан облысында – 3;
Алматы облысында – 2;
Павлодар облысында және Алматы қаласында 1 инфекция жағдайы тіркелді.
Кене энцефалитін жұқтыру бұрын эндемиялық деп есептелмеген аумақтарда көп тіркелген. Бұл климаттың өзгеруіне және ыстықтың ерте басталуына байланысты иксод кененің таралу аймағының кеңеюін көрсетеді.
"Алғашқы алты айда 8 840 адам, оның 3 444-і 14 жасқа дейінгі балалар кене шағып алғаннан кейін дәрігерге жүгінді. Зардап шеккендердің 88%-і (7 736 адам) иммуноглобулинмен шұғыл профилактика алды. Қалған 12%-і препаратты эндемиялық аймақтан тыс болу, кеш қаралу, өздігінен бас тарту сынды себептерге байланысты алмады", - делінген хабарламада.
Осы жағдайға байланысты 279 қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды. Мамандар табит аясына шыққанда , бірқатар ережені ескерген жөн дейді:
кене табылса, дереу медициналық ұйымға хабарласу керек;
кене денеге жабысса, оны бірден тартпаңыз, тікені қалмағанына көз жеткізіп, шаққан жерді йодпен өңдеп, қолды мұқият жуу керек.