https://sputnik.kz/20250605/qazaqstanda-kene-entsefalitin-zhuqtyru-zhagdayy-zhiilegen-54321137.html
Қазақстанда кене энцефалитін жұқтыру жағдайы жиілеген
Қазақстанда кене энцефалитін жұқтыру жағдайы жиілеген
Sputnik Қазақстан
Осы жағдайға байланысты 279 қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T15:56+0500
2025-06-05T15:56+0500
2025-06-05T15:57+0500
кене
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/528/70/5287032_0:243:2839:1839_1920x0_80_0_0_918f13b594e15258376928598fb11220.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері елде кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға артық. Сырқаттардың ең көп саны:Кене энцефалитін жұқтыру бұрын эндемиялық деп есептелмеген аумақтарда көп тіркелген. Бұл климаттың өзгеруіне және ыстықтың ерте басталуына байланысты иксод кененің таралу аймағының кеңеюін көрсетеді. Осы жағдайға байланысты 279 қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды. Мамандар табит аясына шыққанда , бірқатар ережені ескерген жөн дейді:
https://sputnik.kz/20240623/qazaqstanda-25-mynnan-astam-adamga-kene-entsefalitine-qarsy-vaktsina-salyndy-45157919.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/528/70/5287032_10:0:2741:2048_1920x0_80_0_0_0d23f7830bbd2b6153d973b278de13aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кене, денсаулық сақтау министрлігі
кене, денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанда кене энцефалитін жұқтыру жағдайы жиілеген
15:56 05.06.2025 (жаңартылды: 15:57 05.06.2025) Осы жағдайға байланысты 279 қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері елде кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға артық.
Сырқаттардың ең көп саны:
Солтүстік Қазақстан облысында - 6 жағдай;
Шығыс Қазақстан облысында – 3;
Павлодар облысында және Алматы қаласында 1 инфекция жағдайы тіркелді.
Кене энцефалитін жұқтыру бұрын эндемиялық деп есептелмеген аумақтарда көп тіркелген. Бұл климаттың өзгеруіне және ыстықтың ерте басталуына байланысты иксод кененің таралу аймағының кеңеюін көрсетеді.
"Алғашқы алты айда 8 840 адам, оның 3 444-і 14 жасқа дейінгі балалар кене шағып алғаннан кейін дәрігерге жүгінді. Зардап шеккендердің 88%-і (7 736 адам) иммуноглобулинмен шұғыл профилактика алды. Қалған 12%-і препаратты эндемиялық аймақтан тыс болу, кеш қаралу, өздігінен бас тарту сынды себептерге байланысты алмады", - делінген хабарламада.
Осы жағдайға байланысты 279 қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды. Мамандар табит аясына шыққанда , бірқатар ережені ескерген жөн дейді:
кене табылса, дереу медициналық ұйымға хабарласу керек;
кене денеге жабысса, оны бірден тартпаңыз, тікені қалмағанына көз жеткізіп, шаққан жерді йодпен өңдеп, қолды мұқият жуу керек.