https://sputnik.kz/20240623/qazaqstanda-25-mynnan-astam-adamga-kene-entsefalitine-qarsy-vaktsina-salyndy-45157919.html
Қазақстанда 25 мыңнан астам адамға кене энцефалитіне қарсы вакцина салынды
Қазақстанда 25 мыңнан астам адамға кене энцефалитіне қарсы вакцина салынды
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді 23.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-23T20:01+0500
2024-06-23T20:01+0500
2024-06-23T20:01+0500
кене
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43707425_0:152:3097:1894_1920x0_80_0_0_7872d70ff7269747f1b5f6d57a8b6fbf.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. 25 мыңнан астам қазақстандық кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинациялаудан өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі."Биыл 25 598 адам немесе нысаналы топтың 100%-ы кене энцефалитіне қарсы вакцинациялаудан өтті", - деп жазылған хабарламада.Жоспарлы вакцинация жасалуға тиіс топқа аурудың табиғи ошақтарында жұмыс істейтін орманшылар, егерлер, геологтар және аңшылар сияқты мамандар жатады.Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар.Адамдар кене энцефалитін негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда жұқтырады.Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43707425_184:0:2913:2047_1920x0_80_0_0_fd530ae29bc4f0c0ca60dbc202d34ca7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кене, вакцина
Қазақстанда 25 мыңнан астам адамға кене энцефалитіне қарсы вакцина салынды
Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. 25 мыңнан астам қазақстандық кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинациялаудан өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Биыл 25 598 адам немесе нысаналы топтың 100%-ы кене энцефалитіне қарсы вакцинациялаудан өтті", - деп жазылған хабарламада.
Жоспарлы вакцинация жасалуға тиіс топқа аурудың табиғи ошақтарында жұмыс істейтін орманшылар, егерлер, геологтар және аңшылар сияқты мамандар жатады.
Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.
"Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92%-ы кене иммуноглобулинін алды", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар.
Адамдар кене энцефалитін негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда жұқтырады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.
Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқ киімді таңдаңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денені кенелердің бар-жоғына мұқият тексеріңіз.
Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.
Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін шаққаннан кейінгі алғашқы 4 күнде медициналық ұйымға хабарласу қажет.