"Қаралып отырған заңды қабылдау еліміздің әскери қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Олар аумақтық қорғаныс жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз қалыптастырады, мемлекеттік органдар мен азаматтардың қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді", - дейді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.
“Бүгін қаралып отырған заң осы түсінікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Аумақтық қорғаныс – бұл мемлекеттің тек қарсылас әрекеттерінен халықты, нысандарды және аумақты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жағдайында да жүргізетін кешенді шараларының жиынтығы. Басқаша айтқанда, бұл – бейбіт уақытта әскери құрылымдардың мемлекетке көрсететін нақты көмегі”, - деп атап көрсетті Сатвалдиев.