https://sputnik.kz/20250605/aumaqtyq-qorganys-zheke-sala-retinde-qaralady-zan-prezidenttin-qol-qoyuyna-zhiberildi-54312629.html
Аумақтық қорғаныс жеке сала ретінде қаралады: заң президенттің қол қоюына жіберілді
Аумақтық қорғаныс жеке сала ретінде қаралады: заң президенттің қол қоюына жіберілді
Sputnik Қазақстан
Негізгі мақсат - аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыру, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 05.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-05T11:41+0500
2025-06-05T11:41+0500
2025-06-05T11:41+0500
заң
әскери қызметкер
сенат депутаттары
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44247833_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_4d52336f53153ec01e0648fe8f5220d1.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұдан былай аумақтық қорғаныс жеке сала ретінде қаралып, оған тиісті қаржыландыру көлемі айқындалады. Негізгі мақсат - аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыру, жұмылдыру дайындығын арттыру және төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал аумақтық қорғанысты тиімді ұйымдастыру үшін заңға жаңа терминдер мен анықтамалар, атап айтқанда, "Ерікті" және "Өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" сияқты негізгі ұғымдар қорғаныс жүйесіне алғаш рет енгізіліп отыр. Сонымен қатар, қорғаныс күштердің құрамы мен жұмыс істеу тәртібін реттейтін "Аумақтық қорғаныс күштері" деген жеке тарау қарастырылған. Оған кіретін құрылымдар: Оның айтуынша, заңның бірнеше оң әлеуметтік әсері бар. Олар: Ал сенатор Алишер Сатвалдиев аумақтық қорғанысты тар мағынада ғана емес, кең ауқымды мәнінде түсіну қажет екенін жеткізді. Осы орайда сенатор аумақтық әскерлердің 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ Түркістан облысындағы су басу салдарын жоюға көмектескенін еске салды. 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, ал 2023 және 2024 жылдары қарғын судан кейінгі жағдайды қалпына келтіруге де белсенді атсалысқан. Аумақтық әскерлер төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен бірге жаттығулар өткізіп тұрады. Бүгін сенат депутаттары Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
https://sputnik.kz/20250424/aumaqtyq-qorganys-turaly-zan-zhobasynda-reseyge-qarsy-bagyt-zhoq--ministrlik-52820822.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44247833_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_cb949224e2ce7ed1d14bcb4f0f657516.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң, әскери қызметкер, сенат депутаттары
заң, әскери қызметкер, сенат депутаттары
Аумақтық қорғаныс жеке сала ретінде қаралады: заң президенттің қол қоюына жіберілді
Негізгі мақсат - аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыру, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты заңды мақұлдады, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұдан былай аумақтық қорғаныс жеке сала ретінде қаралып, оған тиісті қаржыландыру көлемі айқындалады. Негізгі мақсат - аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыру, жұмылдыру дайындығын арттыру және төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ал аумақтық қорғанысты тиімді ұйымдастыру үшін заңға жаңа терминдер мен анықтамалар, атап айтқанда, "Ерікті" және "Өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" сияқты негізгі ұғымдар қорғаныс жүйесіне алғаш рет енгізіліп отыр.
Сонымен қатар, қорғаныс күштердің құрамы мен жұмыс істеу тәртібін реттейтін "Аумақтық қорғаныс күштері" деген жеке тарау қарастырылған. Оған кіретін құрылымдар:
1.
Құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары;
2.
Қарулы Күштер, басқа да әскери бөлімдер мен құрылымдар бөлген күштер мен құралдар;
5.
Өзін-өзі қорғау күштері.
"Қаралып отырған заңды қабылдау еліміздің әскери қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Олар аумақтық қорғаныс жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз қалыптастырады, мемлекеттік органдар мен азаматтардың қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді", - дейді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.
Оның айтуынша, заңның бірнеше оң әлеуметтік әсері бар. Олар:
аумақтық қорғаныс саласында орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі артады;
еріктілердің жарақат алуы немесе басқа да жағдайларда өтемақы төлеу құқығы қарастырылады;
еріктілердің тұрақты әскери құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленіп, азаматтарымыз елімізді қорғауға қажетті білім мен тәжірибе жинақтауға, дағдыларды меңгеруге ұмтылады.
Ал сенатор Алишер Сатвалдиев аумақтық қорғанысты тар мағынада ғана емес, кең ауқымды мәнінде түсіну қажет екенін жеткізді.
“Бүгін қаралып отырған заң осы түсінікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Аумақтық қорғаныс – бұл мемлекеттің тек қарсылас әрекеттерінен халықты, нысандарды және аумақты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жағдайында да жүргізетін кешенді шараларының жиынтығы. Басқаша айтқанда, бұл – бейбіт уақытта әскери құрылымдардың мемлекетке көрсететін нақты көмегі”, - деп атап көрсетті Сатвалдиев.
Осы орайда сенатор аумақтық әскерлердің 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ Түркістан облысындағы су басу салдарын жоюға көмектескенін еске салды. 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, ал 2023 және 2024 жылдары қарғын судан кейінгі жағдайды қалпына келтіруге де белсенді атсалысқан.
Аумақтық әскерлер төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен бірге жаттығулар өткізіп тұрады. Бүгін сенат депутаттары Қазақстанның аумақтық қорғанысына қатысты заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.