Аумақтық қорғаныс туралы заң жобасында Ресейге қарсы бағыт жоқ – министрлік

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения "Батыл тойтарыс – 2023"
Глава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения Батыл тойтарыс – 2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Заң жобасының мақсаты – әскери жағдай немесе басқа да төтенше жағдайларда (су тасқыны, өрт және т.б.) ішкі тұрақтылықты, халықты, инфрақұрылым объектілерін және аумақтық тұтастықты қорғау.
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Аумақты қорғаныс туралы заң жобасында Ресейге қарсы бағыт жоқ. Шетелдік БАҚ-та жарияланған ақпараттан соң Қазақстан қорғаныс министрлігі осылай деп мәлімдеді.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында "Қазақстан Ресеймен шекарада аумақтық қорғаныс бригадаларының ірі тобын орналастырады" деп жазылған. Осыған орай Қазақстан Қорғаныс министрлігі аумақтық қорғаныс туралы заң жобасы туралы түсініктеме берді.
"Заң жобасы тек елдің ішкі қауіпсіздігін нығайтуға арналған және Ресейге қарсы бағыт жоқ", - деді министрлік.
Заң жобасының мақсаты – ішкі тұрақтылық, халықты, инфрақұрылым объектілерін және әскери жағдай немесе өзге де ТЖ (су тасқыны, өрт және т.б.) жағдайында аумақтық тұтастықты қорғау. Аумақты қорғаныс бригадаларын орналастыру сыртқы қатерлерге жауап ретінде емес, өңірлердің географиялық, демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі, дейді министрлік.
"Ресей - ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және ЕАЭО шеңберінде тату көршілік және одақтастық қатынастарды қолдайтын Қазақстанның стратегиялық серіктесі ", - деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ қорғаныс министрлігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.
Жаңалықтар
0