Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды

Оны құрастыруға 10 сағат уақыт пен үш мыңнан астам "Кубик-рубик" кетті
Sputnik
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. "AMANAT" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері Kazakhstan Speedcubing Federation командасымен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер күніне орай Елтаңбаның ерекше нұсқасын жинап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан партияның ресми сайтына жасап.
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
Жастар рубик текшелерінен Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін жасады.
Панноның көлемі - 4x3 метр. Оны құрастыруға 10 сағат уақыт пен үш мыңнан астам "Кубик-рубик" кетті.
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
"Әр текше алдын-ала тексеріліп, түс алгоритміне сәйкес таңдалды. Нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның символына айналған Елтаңбаның дәлме-дәл, пиксельді бейнесі әзірленді. Ал эскиз жасау жұмысын алдын ала бастадық, арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен Елтаңбаның пиксельді үлгісін әзірлеп, оны бөліктерге бөлдік", - дейді Спидкубинг чемпионы Әлихан Ертұрсын.
Бүгін жастар тура осы әдіспен Мемлекеттік Туды жинап шығуды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет: Астанада ұландықтар салтанатты шеру өткізді