https://sputnik.kz/20250604/memlekettik-ramizder-kunine-oray-ulandyqtar-saltanatty-sheru-otkizdi-54251250.html
Мемлекеттік рәміздерге құрмет: Астанада ұландықтар салтанатты шеру өткізді
Мемлекеттік рәміздерге құрмет: Астанада ұландықтар салтанатты шеру өткізді
Sputnik Қазақстан
Бұл шеру еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрмет көрсетуді күшейтуге бағытталды 04.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-04T10:21+0500
2025-06-04T10:21+0500
2025-06-04T10:23+0500
мемлекеттік рәміздер
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/07e9/06/04/54251372_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_603725b2d0d73701c14cf95ec1b42af6.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ұлттық ұланының үлгілік-көрсетімді оркестрінің салтанатты шеруі өтті. Іс-шара елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен құқықтық тәртіп әскерлерінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл шеру еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрмет көрсетуді күшейтуге бағытталған мерекелік іс-шаралар легінде патриоттық екпінімен ерекшеленді. Ұлттық ұланның үлгілік-көрсетімді оркестрі кәсіби шеберліктің жоғары деңгейі мен репертуарының сан алуандығын көрсетті. Әскери музыканттарды ыстық ықыласпен қарсы алған қала тұрғындары мен қонақтары эмоцияларын жасырмай, Есіл өзенінің жағасында таныс әуендерді бірге шырқады. Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері көк Туымызды мерекелік шерудің алдыңғы шебінде салтанатпен алып жүрді, ал ашық аспан астындағы сахнада ұландық музыканттардың орындауында Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Самалды кештегі салтанатты шеру көрерменге ерекше әсер сыйлап, әр азаматқа ұлттық бірлік пен тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын жеткізді.
https://sputnik.kz/20250604/bugin--memlekettik-ramizder-kuni-54245570.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/04/54251372_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d017f418f2476035c175fcff1cd4dfe5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік рәміздер, ұлттық ұлан
мемлекеттік рәміздер, ұлттық ұлан
Мемлекеттік рәміздерге құрмет: Астанада ұландықтар салтанатты шеру өткізді
10:21 04.06.2025 (жаңартылды: 10:23 04.06.2025) Бұл шеру еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрмет көрсетуді күшейтуге бағытталды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астанада Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ұлттық ұланының үлгілік-көрсетімді оркестрінің салтанатты шеруі өтті.
Іс-шара елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен құқықтық тәртіп әскерлерінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Бұл шеру еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрмет көрсетуді күшейтуге бағытталған мерекелік іс-шаралар легінде патриоттық екпінімен ерекшеленді.
Ұлттық ұланның үлгілік-көрсетімді оркестрі кәсіби шеберліктің жоғары деңгейі мен репертуарының сан алуандығын көрсетті. Әскери музыканттарды ыстық ықыласпен қарсы алған қала тұрғындары мен қонақтары эмоцияларын жасырмай, Есіл өзенінің жағасында таныс әуендерді бірге шырқады.
"Мемлекеттік рәміздер күні — әрқайсымызға патриотизмнің, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейді", - дейді Ұлттық ұлан әскери-оркестрлік орталығының бастығы Олжас Құдайқұлов.
Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері көк Туымызды мерекелік шерудің алдыңғы шебінде салтанатпен алып жүрді, ал ашық аспан астындағы сахнада ұландық музыканттардың орындауында Мемлекеттік Әнұран шырқалды.
Самалды кештегі салтанатты шеру көрерменге ерекше әсер сыйлап, әр азаматқа ұлттық бірлік пен тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын жеткізді.