Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды

© Photo : Аманат партиясыАстанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Жазылу
Оны құрастыруға 10 сағат уақыт пен үш мыңнан астам "Кубик-рубик" кетті
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. "AMANAT" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері Kazakhstan Speedcubing Federation командасымен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер күніне орай Елтаңбаның ерекше нұсқасын жинап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан партияның ресми сайтына жасап.
© Photo : Аманат партиясыАстанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
Жастар рубик текшелерінен Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін жасады.
Панноның көлемі - 4x3 метр. Оны құрастыруға 10 сағат уақыт пен үш мыңнан астам "Кубик-рубик" кетті.
© Photo : Аманат партиясыАстанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Астанада Елтаңбаның ерекше нұсқасы жасалды – фото
"Әр текше алдын-ала тексеріліп, түс алгоритміне сәйкес таңдалды. Нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның символына айналған Елтаңбаның дәлме-дәл, пиксельді бейнесі әзірленді. Ал эскиз жасау жұмысын алдын ала бастадық, арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен Елтаңбаның пиксельді үлгісін әзірлеп, оны бөліктерге бөлдік", - дейді Спидкубинг чемпионы Әлихан Ертұрсын.
Бүгін жастар тура осы әдіспен Мемлекеттік Туды жинап шығуды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұландықтар салтанатты шеру өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Мемлекеттік рәміздерге құрмет: Астанада ұландықтар салтанатты шеру өткізді
Жаңалықтар
0