"Байқоңыр" ғарыш айлағы - ғарыш кемелерін, орбиталық және автоматты планетааралық станцияларды дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін әлемдегі жетекші ғарыш айлақтарының бірі. Ол Қазақстан аумағында, Қызылорда облысында Қазалы қаласы мен Жусалы арасында, Төретам кенті маңында орналасқан.
Қазақстанда ғарыш айлағы рекордтық мерзімде салынды: 1955 жылдың көктемінен 1956 жылдың желтоқсанына дейін бірінші кезектегі нысандардың құрылысы аяқталды.
"Байқоңырдан" алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылды, ал 1961 жылы Юрий Гагарин жерді алғаш рет орбитадан көрді. "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен аттас қала екеуі "Байқоңыр" кешенін құрайды. Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алады. Екі мемлекет "Бәйтерек" бірлескен жобасын жүзеге асыруда. Әлемнің алғашқы ғарыш айлағының тарихын баяндайтын әртүрлі жылдардағы жарқын суреттерді қараңыз!