Байқоңырда ғарыш айлағының 70 жылдығына орай салтанатты шара өтті
12:44 02.06.2025 (жаңартылды: 13:00 02.06.2025)

© Photo : Предоставлено пресс-службой администрации города Байконур
Жазылу
Саябаққа келген делегация мен қонақтар алдымен Жеңістің 75 жылдығына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының 70 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының 70 жылдығына орай салтанатты шара өтті
© Photo : пресс-службой администрации города Байконур
Мерекелік шара Г. Шубников атындағы саябақтағы Даңқ аллеясында өтті.
Саябаққа келген делегация мен қонақтар алдымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, кейін Байқоңырдың 65 жылдығына арналған ескерткішке барды.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов құттықтау сөз сөйледі. Ол Байқоңыр - Адамзаттың ғарыш қақпасына айналған ерекше орын екенін атап өтті.
"Бірінші спутник, алғашқы басқарылатын ұшу және орбитаға екі мың ғарыш кемесін әкелген бір жарым мыңнан астам ғарыштық зымырандарды ұшыру - бұл Байқоңырдың жеті онжылдықтағы көрсеткіштері. Байқоңыр дамуын жалғастыруда. "Бәйтерек" жобасы Ресей-Қазақстан достығының символына айналды. 2025 жылдың соңында алғашқы "Союз-5" зымыраны ұшырылуы тиіс. Байқоңырдың одан әрі дами беретініне сенімдімін және осы жолда сәттілік тілеймін", – деді Дмитрий Баканов.
Жиында қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қонақтарды, ардагерлерді және қала тұрғындарын мерейтоймен құттықтады. Әкімшілік басшысы жиналғандарға ғарышты дамыту жөніндегі барлық жоспарларды табысты іске асыруды, еңбекте табыс, бақыт пен денсаулық тіледі.

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының 70 жылдығына орай салтанатты шара өтті
© Photo : Предоставлено пресс-службой администрации города Байконур
Константин Бусыгин сондай-ақ "Союз-5" жаңа зымыранына сәтті бастама тіледі және алғашқы ұшыру зымыран үшін үлкен жолдың бастауы болатынына және ол көптеген жылдар бойы ғарышты игеруге,, Ресей-Қазақстан достығын нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.
Президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай жиналғандарды ғарыш айлағы мен қаланың 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, ардагерлерге қалаға деген сүйіспеншілігі мен ғарыш айлағына адалдығы үшін алғыс айтты.

Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының 70 жылдығына орай салтанатты шара өтті
© Photo : Предоставлено пресс-службой администрации города Байконур
Қайрат Нұртай Байқоңырдың дамуы екі ел президенттерінің бақылауында екенін атап өтті.
Салтанатты шара соңында қалалық мәдениет сарайының әртістері "Байқоңырда" әнін орындады.
