"Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өту"Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толды
Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Байқоңыр - әлемнің алғашқы ғарыш айлағы
АСТАНА, 2 маусым-Sputnik. 1955 жылы 2 маусымда "Байқоңыр" ғарыш айлағы құрылды. Байқоңыр - әлемдегі жетекші ғарыш айлақтарының бірі.
Ол ғарыш кемелерін, орбиталық және автоматты планетааралық станцияларды дайындауды және ұшыруды қамтамасыз етеді.
Ғарыш айлағы - Қызылорда облысында Қазалы қаласы мен Жусалы арасында, Төретам кентінің жанында орналасқан.

Ғарыш айлағының тарихы

Кешен КСРО қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу және сынақ полигоны ретінде басталды, кейіннен халықаралық ғарыш портына айналды. 1954 жылы ғарыш айлағының құрылысын таңдау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Еліміздің бірнеше аудандарына барлау жүргізгеннен кейін комиссия Байқоңыр кентінен бірнеше жүз шақырым жерде, Арал теңізінің шығысындағы Қазақстанның шөлді ауданында ғарыш айлағын орналастыру туралы ұсыныспен шықты.
Бұл жер басқаларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие, ұшырылатын зымыран тас жолында қоныстану аз, жазық шөлейтті аймақ болды. Орталық Азиядағы ең үлкен Сырдария өзенінің болуы, теміржол магистралі мен автомобиль жолы, күннің жайма шуақты, экваторға жақынырақ орналасуы, оны пайдалануға мүмкіндік береді.
1957 жылы 4 қазанда ғарыш айлағының мамандары жердің алғашқы жасанды серігін орбитаға шығарды. 1961 жылы 12 сәуірде полигонның жауынгерлік есебі өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен бірлесіп, алғашқы ғарышкер Юрий Гагаринмен бірге "Восток" ғарыш кемесін дайындап, ұшырды.
Кеңестік баспасөздерде спутниктердің ұшырылуы туралы барлық хабарламаларда Байқоңыр ұшыру орны ретінде көрсетілді. Бірте-бірте бұл атау нағыз ғарыш айлағымен байланысты болды. 1961 жылдың 12 сәуірінен кейін 5-ші ҒЗИ "Байқоңыр ғарыш айлағы" ашық атауын алды. Кейінгі жылдары Байқоңырдан жер орбитасына ғылыми және әскери мақсаттағы аппараттар шығарылды. Ғарыш айлағынан ұшырылған кеңестік спутниктер айға, Венераға және Марсқа жетті.

Ғарыш айлағының бүгіні мен болашағы

Бүгінде Байқоңыр - бұл бірегей ғылыми-техникалық кешен, федералдық ғарыш бағдарламасын, коммерциялық жобаларды іске асырудың, сондай-ақ қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін ұшырудың негізгі буыны.
Байқоңыр - әлемдегі жұмысшы ғарыш айлақтарының бірі. Оның жалпы ауданы зымыран тасығыштың бөлінетін бөліктерінің құлау аймақтарын есепке алмағанда 6717 шаршы шақырымды құрайды.
1957 жылдың 4 қазанынан 2025 жылдың 8 сәуірге дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан 1547 орбиталық зымыран тасығыштар ұшырылды. 2006 ғарыш аппараты жерге жақын орбиталарға және ұшу траекторияларына шығарылды. Ғарыш айлағында барлығы он мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағын Сергей Мочалов басқарады.
Байқоңырдағы Союз ракетасының макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Қоғам
Ғарыш саябағы және автожарыс: Kazakh Tourism Байқоңыр қаласын дамытуды ұсынды
Жаңалықтар
0