19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді - министрлік

Шаруалармен 1,1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштарды жеткізу туралы келісімшарт жасалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 2 маусым - Sputnik. Қазақстанда 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанның барлық аймағында жалпы 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы егілді:
Ақмола облысында – 4,9 млн га;
Алматы облысында – 273,4 мың га;
Ақтөбе облысында – 509 мың га;
Шығыс Қазақстан облысында – 488,6 мың га;
Жамбыл облысында – 328,9 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 345,1 мың га;
Қарағанды облысында – 1 миллион гектардан астам;
Қостанай облысында – 4,7 млн га;
Павлодар облысында – 1,2 млн га;
Солтүстік Қазақстан облысында – 3,5 млн га;
Түркістан облысында – 520,7 мың га;
Жетісу облысында – 373,7 мың га;
Абай облысында – 618,1 мың га.
Егілген өнім түрлері:
Дәнді дақылдар - 14,3 млн гектардан астам;
жемшөпті дақылдар – 880,8 мың га;
көкөністер – 119,2 мың га;
картоп – 115 мың га;
қауын-қарбыз – 85,1 мың га;
майлы дақылдар – 3,1 млн га;
мақта – 141,6 мың га;
қант қызылшасы – 17,8 мың га;
күріш – 91,7 мың га егіліп жатыр.
Шаруалармен 1,1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштарды жеткізу туралы келісімшарттар жасалып, оның 976,9 мың тоннасы жөнелтілген. Егіс науқаны жоспарға сай жалғасуда, дейді ведомство.
Елде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді