19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді - министрлік

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді - министрлік
19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді - министрлік  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Шаруалармен 1,1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштарды жеткізу туралы келісімшарт жасалды
АЛМАТЫ, 2 маусым - Sputnik. Қазақстанда 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанның барлық аймағында жалпы 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы егілді:
Ақмола облысында – 4,9 млн га;
Алматы облысында – 273,4 мың га;
Ақтөбе облысында – 509 мың га;
Шығыс Қазақстан облысында – 488,6 мың га;
Жамбыл облысында – 328,9 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 345,1 мың га;
Қарағанды облысында – 1 миллион гектардан астам;
Қостанай облысында – 4,7 млн га;
Павлодар облысында – 1,2 млн га;
Солтүстік Қазақстан облысында – 3,5 млн га;
Түркістан облысында – 520,7 мың га;
Жетісу облысында – 373,7 мың га;
Абай облысында – 618,1 мың га.
Егілген өнім түрлері:
Дәнді дақылдар - 14,3 млн гектардан астам;
жемшөпті дақылдар – 880,8 мың га;
көкөністер – 119,2 мың га;
картоп – 115 мың га;
қауын-қарбыз – 85,1 мың га;
майлы дақылдар – 3,1 млн га;
мақта – 141,6 мың га;
қант қызылшасы – 17,8 мың га;
күріш – 91,7 мың га егіліп жатыр.
Шаруалармен 1,1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштарды жеткізу туралы келісімшарттар жасалып, оның 976,9 мың тоннасы жөнелтілген. Егіс науқаны жоспарға сай жалғасуда, дейді ведомство.
Егістік алқабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Елде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Жаңалықтар
0