https://sputnik.kz/20250516/elde-52-mln-gektar-zherge-auyl-sharuashylygy-daqyldary-egildi-53610964.html
Елде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Елде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Sputnik Қазақстан
Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T17:32+0500
2025-05-16T17:32+0500
2025-05-16T17:32+0500
егістік
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382153_29:0:1252:688_1920x0_80_0_0_1d16b1affc3a18514f5cc0a389621f09.jpg
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Еліміздің барлық өңірінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Оған дейін бірқатар агротехникалық жұмыс атқарылды, дейді ведомстводағылар. Атап айтқанда, 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді.Бүгінгі таңда 5,2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жеріне дақыл егілді. Атап айтқанда:Негізгі дақылдар бойынша: дәнді дақылдар – 3 млн гектардан астам, мал азығы дақылдары – 382,3 мың га, көкөніс – 91,4 мың га, картоп – 66,7 мың га, бақша дақылдары – 69,9 мың га, майлы дақылдар – 1,2 млн га, мақта – 130,9 мың га, қант қызылшасы – 17,4 мың га, күріш – 52,6 мың га егілді.Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған, оның ішінде 849,2 мың тоннасы жөнелтілді.Биылғы жылға тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш 100% қамтамасыз етілді. Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 233 мың тоннасы жөнелтілді.
https://sputnik.kz/20250107/koktemgi-egin-egu-nauqanyna-674-fermer-zhenildetilgen-kredit-alyp-ulgerdi-49812057.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382153_182:0:1099:688_1920x0_80_0_0_6ee831677c3a018220e4b623dfdc085d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егістік, астық
Елде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Еліміздің барлық өңірінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады
ауыл шаруашылығы министрлігі.
Оған дейін бірқатар агротехникалық жұмыс атқарылды, дейді ведомстводағылар. Атап айтқанда, 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда 5,2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жеріне дақыл егілді. Атап айтқанда:
Ақмола облысында – 971,1 мың га;
Алматы облысында – 228,4 мың га;
Ақтөбе облысында – 124,9 мың га;
Шығыс Қазақстан облысында – 337,6 мың га;
Жамбыл облысында – 316,5 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 171,2 мың га;
Қарағанды облысында – 435 мың га;
Қостанай облысында – 385,1 мың га;
Павлодар облысында – 467,9 мың га;
Солтүстік Қазақстан облысында – 359,1 мың га;
Түркістан облысында – 482 мың га;
Жетісу облысында – 353,6 мың га;
Абай облысында – 463,6 мың га және басқа өңірлерде де егіс жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі дақылдар бойынша: дәнді дақылдар – 3 млн гектардан астам, мал азығы дақылдары – 382,3 мың га, көкөніс – 91,4 мың га, картоп – 66,7 мың га, бақша дақылдары – 69,9 мың га, майлы дақылдар – 1,2 млн га, мақта – 130,9 мың га, қант қызылшасы – 17,4 мың га, күріш – 52,6 мың га егілді.
Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған, оның ішінде 849,2 мың тоннасы жөнелтілді.
Биылғы жылға тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш 100% қамтамасыз етілді. Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 233 мың тоннасы жөнелтілді.