АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Жеке академияларға өз атауларына "ұлттық" сөзін тіркеуге тыйым салынады. Бұл туралы мәжілісте айтылды.
Заңға ілеспе түзетулер аясында "Білім туралы", "Ғылым және технологиялық саясат туралы", "Қайырымдылық туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Негізгі заңның концепциясынан бөлек тағы екі маңызды түзету қамтылды. Мемлекет қатысуынсыз заңды тұлға түрінде құрылған академияларға өз атауларында "ұлттық" сөзін кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде қолдануға тыйым салынады.