Жеке академияларға өз атауларына "ұлттық" сөзін тіркеуге тыйым салынады

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Жеке академияларға өз атауларына "ұлттық" сөзін тіркеуге тыйым салынады
Жеке академияларға өз атауларына ұлттық сөзін тіркеуге тыйым салынады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Заңға ілеспе түзетулер аясында "Білім туралы", "Ғылым және технологиялық саясат туралы", "Қайырымдылық туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Жеке академияларға өз атауларына "ұлттық" сөзін тіркеуге тыйым салынады. Бұл туралы мәжілісте айтылды.
Заңға ілеспе түзетулер аясында "Білім туралы", "Ғылым және технологиялық саясат туралы", "Қайырымдылық туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Негізгі заңның концепциясынан бөлек тағы екі маңызды түзету қамтылды. Мемлекет қатысуынсыз заңды тұлға түрінде құрылған академияларға өз атауларында "ұлттық" сөзін кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде қолдануға тыйым салынады.
Фоторепортаж о буднях мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жасанды интеллектіні кейбір жағдайда пайдалануға тыйым салынады – заң нормалары
Жаңалықтар
0