Жасанды интеллектіні кейбір жағдайда пайдалануға тыйым салынады – заң нормалары

© Sputnik / Владислав ВодневФоторепортаж о буднях мажилиса
Фоторепортаж о буднях мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Адамның мінез-құлқына әсер ететін болса оның келісімінсіз жасанды интеллектіні қолдануға болмайды
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. "Жасанды интеллект туралы" заң аясында кейбір жағдайда жасанды интеллекті пайдалануға тыйым салу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасын мәжіліс депутаттары әзірледі. Екатерина Смышляеваның айтуынша, енді жасанды интеллект жүйелері тәуекел деңгейіне қарай жіктеледі.
"Жоғары тәуекел жүйелері аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне жатқызылады. Бұл олардың қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етеді",-деді Смышляева мәжілістің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері бірнеше топқа - көмекшілерге, жартылай автономды жүйелерге және толық автономды алгоритмдерге бөлінеді. Соның нәтижесінде Қазақстан аумағында кейбір жүйелерді қолдануға тыйым салынады. Ондай шектеу бірнеше жағдайда қолданылады. Олар:
Адамдардың саналы келісімінсіз мінез-құлқына әсер ететін жасанды интеллектіні қолдану;
Адамдардың осалдығын (жасы, мүгедектігі, әлеуметтік жағдайы) әдейі пайдаланатын жасанды интеллекттіні пайдалану;
Адамдарды әлеуметтік мінез-құлқы немесе сипаттамалары бойынша бағалауға немесе жіктеу (әлеуметтік скоринг);
Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалану;
Заңмен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде нақты уақыт режимінде қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану үшін жасанды интеллектіні қолдану;
Заңнамада тыйым салынған жасанды интеллект қызметінің нәтижелерін жасау және тарату.
"Жобаны талқылау біздің елімізде ғана емес, халықаралық қоғамдастықта да үлкен сараптамалық қызығушылық тудырады",-деп атап көрсетті Смышляева.
Депутаттың сөзіне қарағанда, заң жобасы "Қазақстанда жасанды интеллектінің қауіпсіз және тұрақты экожүйесін құру жолындағы алғашқы, бірақ маңызды қадам" болады.
Жаңалықтар
0