Ресей елшісі Ежелгі Русь пен Ұлы Даланың достығын еске алды

Лев Гумилев те Ежелгі Русь пен Ұлы Даланың синергияда өмір сүруге үйренгенін айтқан
Sputnik
АСТАНА, 28 мамыр– Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Ежелгі Русь пен Ұлы Даланың достығын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанада Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясы ашылды
Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды. Оған Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин де қатысып, екі ел арасындағы достықтың маңыздылығына тоқталды.
"Бұл достықтың тарихы терең. Лев Гумилев те Ежелгі Русь пен Ұлы Даланың синергияда өмір сүруге үйренгенін айтқан. Міне, осы достық ғасырларға созылды", - деді Бородавкин.
Осы орайда елші Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесін де ерекше атап өтті.
"Біз Қазақстанның қанша батыры Ұлы Отан соғысының алтын шежіресінде өз есімін қалдырғанын да білеміз. Сол кездегі ата-бабаларымыздың достығын болашақ ұрпаққа да жеткізуміз керек. Ал бүгін ашылып отырған аллея екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық пен интеграциялық байланыстың символы болады", - деп атап өтті Бородавкин.
Астанада Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достық аллеясы ашылды
Айта кетері, аллея Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимованың Астанаға сапары аясында ашылды. Бүгін Любимова алдымен ұлттық музейге барды. Сол жерде Любимованы Алтын адамның көшірмесі таңғалдырды. Ал дөңгелек үстел отырысында Ресей министрі Қазақстан халқына алғыс айтты.