https://sputnik.kz/20250528/astanada-qazaqstan-men-reseydin-mangilik-dostyq-alleyasy-ashyldy--53996520.html
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды
Sputnik Қазақстан
Салтанатты шараға екі елдің мәдениет министрлері қатысты 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T13:01+0500
2025-05-28T13:01+0500
2025-05-28T16:35+0500
ресей
қазақстан
министр
аида балаева
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53998987_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f6a1b3c90ca36032836ea6d6fcef51bd.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Салтанатты шараға екі елдің мәдениет министрлері қатысты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бүгінгі аллея көпжылдық өзара құрмет пен сенімнің, екі ел басшылары арасындағы достықтың заңды нәтижесі.Достық аллеясы “Астана-Опера” театрының жанында ашылды. Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Астанада ашылып отырған мәңгілік достық аллеясы екі ел арасындағы мызғымас достықтың символы болатынын ерекше атап өтті.“Болашақ ұрпақ екі елдің достығын ары қарай жалғастыруы керек. Бұл өте маңызды”,-деді Любимова. Айта кетері, Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Астанаға бүгін іссапармен келді. Ол алдымен ұлттық музейге барды. Сол жерде Любимованы Алтын адамның көшірмесі таңғалдырды. Ал дөңгелек үстел отырысында Ресейдің министрі Қазақстан халқына алғыс айтты.
https://sputnik.kz/20250528/53973478.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53998987_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ef70c61a0aeee001b950badd38b0eba8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан, министр, аида балаева
ресей, қазақстан, министр, аида балаева
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды
13:01 28.05.2025 (жаңартылды: 16:35 28.05.2025) Салтанатты шараға екі елдің мәдениет министрлері қатысты
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Салтанатты шараға екі елдің мәдениет министрлері қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бүгінгі аллея көпжылдық өзара құрмет пен сенімнің, екі ел басшылары арасындағы достықтың заңды нәтижесі.
"Қазақстан мен Ресей тату көрші ғана емес, біз - серіктеспіз, одақтаспыз, доспыз. Біздің ынтымақтастығымыз ортақ тарихқа, тату көршіліктің көпғасырлық дәстүріне және рухани құндылықтарға негізделген. Ал осы байланыстарды күшейту саласында мәдениеттің рөлі ерекше. Мәдениет халықтар арасындағы көпір болып қала береді. Өнер, тіл, дәстүр мен музыка арқылы біз бір-бірімізді тереңірек біліп, бір-бірімізді құрметтеуді үйренеміз", - деді Балаева.
Достық аллеясы “Астана-Опера” театрының жанында ашылды. Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Астанада ашылып отырған мәңгілік достық аллеясы екі ел арасындағы мызғымас достықтың символы болатынын ерекше атап өтті.
“Болашақ ұрпақ екі елдің достығын ары қарай жалғастыруы керек. Бұл өте маңызды”,-деді Любимова.
Айта кетері, Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Астанаға бүгін іссапармен келді. Ол алдымен ұлттық музейге барды. Сол жерде Любимованы Алтын адамның көшірмесі
таңғалдырды.
Ал дөңгелек үстел отырысында Ресейдің министрі Қазақстан халқына
алғыс айтты.