"Ұмытқан жоқпыз": Ресейдің мәдениет министрі Қазақстан халқына алғыс айтты

© Sputnik / Санат ИмангалиевОльга Любимова
Ольга Любимова - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова екі елдің мәдени байланысына қатысты маңызды тарихи кезеңді еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанаға іссапармен келген Любимова алдымен Ұлттық музейге барды. Сол жерде бірнеше экспозицияны аралап шықты. Одан кейін "Мәдени диалог: Қазақстан-Ресей" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері кездесті
Аида Балаева и Ольга Любимова на круглом столе в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері кездесті
"Біз достық, нағыз достықтың не екенін білеміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты бауырластық ынтымақтастығын, халықтарымыздың өзара көмегін ерекше атап өткен жөн. Әрине, осы орайда XX ғасырдың ортасындағы фашизмге қарсы күрес екі елді жақындастыратын маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Қазақстанда бізбен бірге майданға барған немесе тылда еңбек еткен отбасылардың ата-бабасы баршылық. Сосын соғыс жылдары Қазақстан мәдениет өкілдері үшін екінші үйге айналды. Қазақстанға өте танымал жазушылар, композиторлар, кинематографистер және тағы басқа мәдениет өкілдері эвакуацияланды. Біз оны ұмытқан жоқпыз. Біз сол үшін ризамыз", - деді Любимова.
© Sputnik / Санат Имангалиев"Мәдени диалог: Қазақстан-Ресей" тақырыбындағы дөңгелек үстел
Аида Балаева и Ольга Любимова на круглом столе в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
"Мәдени диалог: Қазақстан-Ресей" тақырыбындағы дөңгелек үстел
Осы орай ол Сергей Эйзенштейн, Сергей Прокофьев, Галина Уланова мен Константин Паустовский естеліктерін мысалға келтірді.
"Бұл екі елдің мәдениетін мәңгілікке біріктірген тарихтағы тағы бір маңызды межеге айналды. Бұрынғы буын екі жақты қарым-қатынастың мықты іргетасын қалап кетті", - деп атап көрсетті Любимова.
Аида Балаева и Ольга Любимова на круглом столе в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрлері кездесті
Жаңалықтар
0