АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Қазақстан темір жолында жолсеріктер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Темір жолда тексеру жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
"Алматы-2 вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын заңсыз сатылған. Сондай-ақ пойыздың тамбурында шылым шегілген. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша жолсеріктер жұмыстан шығарылды, пойыз бастығына қатаң сөгіс жарияланды", - дейді компания.
Осыған ұқсас тексерулер ҚТЖ-ның барлық жолаушылар пойыздарында жүргізілетін болады.
Компания азаматтардан пойыздарда заң бұзушылықтарды байқаса, хабарласауды сұрайды.