https://sputnik.kz/20250523/balalardy-poyyzben-alyp-zhuru-erezheleri-53804231.html
ҚТЖ жазғы каникул қарсаңында балаларды пойызбен алып жүру ережелерін еске салды
ҚТЖ жазғы каникул қарсаңында балаларды пойызбен алып жүру ережелерін еске салды
Sputnik Қазақстан
Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады 23.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-23T10:47+0500
2025-05-23T10:47+0500
2025-05-23T11:19+0500
пойыз
балалар
https://sputnik.kz/img/07e9/05/17/53800439_6:0:1274:713_1920x0_80_0_0_1f7a5d134b68bd0e908ffbc3a94b6462.jpg
АЛМАТЫ, 23 мамыр - Sputnik. Балалардың пойызда жүру ережелері жарияланды. "Қазақстан темір жолы" компаниясы жолаушыларға нені ескертті, нені білген ләзім?Sputnik Қазақстан айтады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға балаларды пойызбен тасымалдау тәртібіне ерекше назар аударуға шақырды. Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал басқа балалар үшін міндетті түрде балалар билеті сатып алынады."7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызда арнайы балалар билетімен сапарлай алады. Мұндай билет ересектерге арналған жолақының 50%-ын құрайды", - деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы. 15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда олардың қолында ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет. Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады: Айтпақшы, пойызбен сапарласаңыз баланың туу туралы куәлігін ұмытпаңыз. Егер туысыңыздың баласын алып жүрсеңіз онда екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты болуы керек.
https://sputnik.kz/20230715/endi-15-zhastan-asqan-zhasospirimder-poyyzben-zhuru-ushin-ata-anasynyn-senimkhatyn-almaydy-36809202.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/17/53800439_151:0:1102:713_1920x0_80_0_0_eefb60db82e191eae69d5639481b6340.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, балалар
ҚТЖ жазғы каникул қарсаңында балаларды пойызбен алып жүру ережелерін еске салды
10:47 23.05.2025 (жаңартылды: 11:19 23.05.2025) Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады
АЛМАТЫ, 23 мамыр - Sputnik. Балалардың пойызда жүру ережелері жарияланды. "Қазақстан темір жолы" компаниясы жолаушыларға нені ескертті, нені білген ләзім?
Sputnik Қазақстан айтады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға балаларды пойызбен тасымалдау тәртібіне ерекше назар аударуға шақырды.
"Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады. Егер балаға бөлек орын қажет болса, онда міндетті түрде балалар билеті рәсімделуі тиіс", - дейді ҚТЖ.
Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал басқа балалар үшін міндетті түрде балалар билеті сатып алынады.
"7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызда арнайы балалар билетімен сапарлай алады. Мұндай билет ересектерге арналған жолақының 50%-ын құрайды", - деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы.
15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда олардың қолында ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.
Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
егер орын берілмесе, 5 жасқа дейінгі балалар тегін сапарлай алады;
5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін арнайы балалар тарифі қолданылады;
Қазақстанда 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар ел аумағында жолақының 50%-ін төлесе, шетел аумағында толық тарифпен жүреді.
Айтпақшы, пойызбен сапарласаңыз баланың туу туралы куәлігін ұмытпаңыз. Егер туысыңыздың баласын алып жүрсеңіз онда екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты болуы керек.