https://sputnik.kz/20230715/endi-15-zhastan-asqan-zhasospirimder-poyyzben-zhuru-ushin-ata-anasynyn-senimkhatyn-almaydy-36809202.html
Енді 15 жастан асқан жасөспірімдер пойызбен жүру үшін ата-анасының сенімхатын алмайды
Енді 15 жастан асқан жасөспірімдер пойызбен жүру үшін ата-анасының сенімхатын алмайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижесі бойынша инвестициялар және даму министрінің бұйрығына наразылық білдірді. 15.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-15T09:22+0500
2023-07-15T09:22+0500
2023-07-15T09:22+0500
пойыз
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36007264_0:156:3024:1857_1920x0_80_0_0_448fd28616906652129708ac374bb009.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижесі бойынша инвестициялар және даму министрінің бұйрығына наразылық білдірді."Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес 15 және одан асқан балалар "ҚТЖ"ҰК" АҚ-ның қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болған жағдайда ғана дербес пайдалана алатыны анықталды.Бұл норма Азаматтық кодекс пен "Нотариат туралы" заңға сәйкес "келісімді" куәландыру жеке нотариаттық іс-әрекет болып саналатынын және "сенімхат" түрінде басқа құжатты ресімдеуді талап етпейтінін ескермеген.Бұл ережелерді қолдану мониторингі көрсеткендей, жолсеріктер осы қағидаларға сілтеме жасап, бұндай жолаушылар сапарға жіберілмей немесе оларды қозғалыс барысында алынып тасталынған жағдайлар болған."Бүгінгі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "ҚТЖ" ҰК"АҚ бір ғана құжаттың (нотариалды куәландырылған келісім) болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді", - деп атап өтті Көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.Сонымен бірге уәкілетті орган Жолаушыларды т/ж көлігімен тасымалдау жөніндегі қағидаларға тиісті түзетулер енгізу және жалпы оны жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36007264_171:0:2854:2012_1920x0_80_0_0_26685b03b500fb8b2c4e0ccde7bc8b7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, жасөспірім
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижесі бойынша инвестициялар және даму министрінің бұйрығына наразылық білдірді.
"Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес 15 және одан асқан балалар "ҚТЖ"ҰК" АҚ-ның қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болған жағдайда ғана дербес пайдалана алатыны анықталды.
Бұл норма Азаматтық кодекс пен "Нотариат туралы" заңға сәйкес "келісімді" куәландыру жеке нотариаттық іс-әрекет болып саналатынын және "сенімхат" түрінде басқа құжатты ресімдеуді талап етпейтінін ескермеген.
Бұл ережелерді қолдану мониторингі көрсеткендей, жолсеріктер осы қағидаларға сілтеме жасап, бұндай жолаушылар сапарға жіберілмей немесе оларды қозғалыс барысында алынып тасталынған жағдайлар болған.
"Бүгінгі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және "ҚТЖ" ҰК"АҚ бір ғана құжаттың (нотариалды куәландырылған келісім) болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді", - деп атап өтті Көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сонымен бірге уәкілетті орган Жолаушыларды т/ж көлігімен тасымалдау жөніндегі қағидаларға тиісті түзетулер енгізу және жалпы оны жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.