Пойызда жолсеріктер мүгедектердің орнын заңсыз сатқан

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Пойызда жолсеріктер мүгедектердің орнын заңсыз сатқан
Пойызда жолсеріктер мүгедектердің орнын заңсыз сатқан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша жолсеріктер жұмыстан шығарылды
АЛМАТЫ, 26 мамыр - Sputnik. Қазақстан темір жолында жолсеріктер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Темір жолда тексеру жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

"Алматы-2 вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын заңсыз сатылған. Сондай-ақ пойыздың тамбурында шылым шегілген. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша жолсеріктер жұмыстан шығарылды, пойыз бастығына қатаң сөгіс жарияланды", - дейді компания.

Осыған ұқсас тексерулер ҚТЖ-ның барлық жолаушылар пойыздарында жүргізілетін болады.
Компания азаматтардан пойыздарда заң бұзушылықтарды байқаса, хабарласауды сұрайды.
Пойызбен балаларды алып жүру ережелері - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2025
ҚТЖ жазғы каникул қарсаңында балаларды пойызбен алып жүру ережелерін еске салды
Жаңалықтар
0