АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Америкалық JPMorgan инвестициялық банкінің сарапшылары Украинадағы қақтығыс 2025 жылдың шілдесіне дейін аяқталуы мүмкін деп болжады.
"2025 жылдың екінші тоқсанының (1 сәуірден 30 маусымға дейін - ред.) соңына қарай мәміле күтіңіз. Еуропада қару-жарақ, Украинада сарбаз, АҚШ-тың шыдамы таусылып, трансатлантикалық бірлік әлсіреп жатқандықтан Зеленский осы жылы Ресеймен келісім жүргізуге мәжбүр болуы мүмкін. Ол әскери іс-қимылдарды тежейді, бірақ толыққанды бейбіт келісім болмайды", - делінген болжамда.
Банк сарапшылары бұл сценарийді "грузиялық" деп атап, оның ықтималдығын 50 пайызға бағалап отыр. Олардың пікірінше, бұл нұсқа бойынша Украина қақтығыстан кейін Батыстан қауіпсіздік кепілдігін алмайды және Ресейдің ықпал ету аясына түседі.