https://sputnik.kz/20250522/resey-men-ukraina-arasyndagy-kezekti-kelissozder-vatikanda-otui-mumkin-53777201.html
Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздер Ватиканда өтуі мүмкін
Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздер Ватиканда өтуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа раунды Ватиканда маусым айының ортасында өтуі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости... 22.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-22T12:39+0500
2025-05-22T12:39+0500
2025-05-22T12:41+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53293170_0:171:3071:1899_1920x0_80_0_0_04c86269606277b5e1df7f6dc47fe3e1.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа раунды Ватиканда маусым айының ортасында өтуі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жексенбі күні еуропалық көшбасшыларға осы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен арнайы елші Кит Келлогты жібере алатынын айтқан.Бұған дейін Рим Папасы Лео XIV Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді Ватиканда өткізуге дайын екенін растады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ватиканның ұсынысына түсініктеме беріп, екі ел арасындағы кезекті келіссөздердің орны туралы шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53293170_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_3693391f7f7387129776aea39ae0e510.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөздер Ватиканда өтуі мүмкін
12:39 22.05.2025 (жаңартылды: 12:41 22.05.2025) АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа раунды Ватиканда маусым айының ортасында өтуі мүмкін, деп хабарлайды
РИА Новости Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жексенбі күні еуропалық көшбасшыларға осы келіссөздерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен арнайы елші Кит Келлогты жібере алатынын айтқан.
"Ватиканда келіссөздер маусым айының ортасында басталады деп күтілуде", - деп жазады басылым.
Бұған дейін Рим Папасы Лео XIV Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді Ватиканда өткізуге дайын екенін растады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ватиканның ұсынысына түсініктеме беріп, екі ел арасындағы кезекті келіссөздердің орны туралы шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді.