https://sputnik.kz/20250524/aqsh-sarapshylary-ukrainadagy-qaqtygys-biyl-ayaqtalady-dep-bolzhady-53851666.html
АҚШ сарапшылары Украинадағы қақтығыс биыл аяқталады деп болжады
АҚШ сарапшылары Украинадағы қақтығыс биыл аяқталады деп болжады
Sputnik Қазақстан
Келісім әскери іс-қимылдарды тежейді, бірақ толыққанды бейбіт келісім болмайды, дейді олар 24.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-24T11:08+0500
2025-05-24T11:08+0500
2025-05-24T11:08+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/16/47276985_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_d4b42e2de8fd7d983fdefc0651788cbf.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Америкалық JPMorgan инвестициялық банкінің сарапшылары Украинадағы қақтығыс 2025 жылдың шілдесіне дейін аяқталуы мүмкін деп болжады.Банк сарапшылары бұл сценарийді "грузиялық" деп атап, оның ықтималдығын 50 пайызға бағалап отыр. Олардың пікірінше, бұл нұсқа бойынша Украина қақтығыстан кейін Батыстан қауіпсіздік кепілдігін алмайды және Ресейдің ықпал ету аясына түседі.
https://sputnik.kz/20250522/resey-men-ukraina-arasyndagy-kezekti-kelissozder-vatikanda-otui-mumkin-53777201.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/16/47276985_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7dfea47c16cc04842f5395216bce985b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ сарапшылары Украинадағы қақтығыс биыл аяқталады деп болжады
Келісім әскери іс-қимылдарды тежейді, бірақ толыққанды бейбіт келісім болмайды, дейді олар
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Америкалық JPMorgan инвестициялық банкінің сарапшылары Украинадағы қақтығыс 2025 жылдың шілдесіне дейін аяқталуы мүмкін деп
болжады. "2025 жылдың екінші тоқсанының (1 сәуірден 30 маусымға дейін - ред.) соңына қарай мәміле күтіңіз. Еуропада қару-жарақ, Украинада сарбаз, АҚШ-тың шыдамы таусылып, трансатлантикалық бірлік әлсіреп жатқандықтан Зеленский осы жылы Ресеймен келісім жүргізуге мәжбүр болуы мүмкін. Ол әскери іс-қимылдарды тежейді, бірақ толыққанды бейбіт келісім болмайды", - делінген болжамда.
Банк сарапшылары бұл сценарийді "грузиялық" деп атап, оның ықтималдығын 50 пайызға бағалап отыр. Олардың пікірінше, бұл нұсқа бойынша Украина қақтығыстан кейін Батыстан қауіпсіздік кепілдігін алмайды және Ресейдің ықпал ету аясына түседі.