Өскеменде ауа ластаушы заттар шығарылған: министрлік тексеріс бастады

Экология министрлігі тексеріс нәтижелерін хабарлауға уәде берді
Sputnik
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Өскемен қаласына барды.
Ведомство Шығыс Қазақстан облысында тексеру жүргізеді. Экология министрлігінің баспасөз қызметінде айтылғандай, тексеру жұмыстарына "Өскемен титан-магний комбинатының аумағынан ластаушы заттардың рұқсат етілмеген шығарындылары" себеп болды.
Өскеменде ауа ластаушы заттар шығарылған: министрлік тексеріс бастады
"Сапар барысында министр "ӨҚ ТМК" кәсіпорнына барып, болған оқиғаның мән-жайымен танысты, сондай-ақ компания басшылығымен және жергілікті билік өкілдерімен кездесті", - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент экологиялық нормалардың сақталуын бағалау және ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін "ӨҚ ТМК-ға" қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды. Тексеру аймақ экологиясының жағдайына әсер етуі мүмкін кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
Өскеменде ауа ластаушы заттар шығарылған: министрлік тексеріс бастады
Нысанбаев шенеуніктерге бірқатар тапсырмалар берді:
экологиялық стандарттардың бұзылуына байланысты кәсіпорынның әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) заңдылығын бағалау, сондай-ақ болған оқиғаға құқықтық бағалау жүргізу;
қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық қажетті ықпал ету шараларын, соның ішінде лауазымды тұлғаларды және жалпы кәсіпорынды жауапкершілікке тартуды қабылдау.
Сондай-ақ, министр болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауды, оның ішінде өңірдің басқа да объектілерінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Экология министрлігі тексеріс нәтижелерін хабарлауға уәде берді.
Өскеменде жеке үйлер орталық жылу құбырына қосылады - облыс әкімі