https://sputnik.kz/20250521/oskemende-aua-lastaushy-zattar-shygarylgan-ministrlik-tekseris-bastady-53756820.html
Өскеменде ауа ластаушы заттар шығарылған: министрлік тексеріс бастады
Өскеменде ауа ластаушы заттар шығарылған: министрлік тексеріс бастады
Sputnik Қазақстан
Экология министрлігі тексеріс нәтижелерін хабарлауға уәде берді 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T16:41+0500
2025-05-21T16:41+0500
2025-05-21T16:50+0500
өскемен
министрлік
экология
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53749328_0:27:1280:747_1920x0_80_0_0_b80aed038ec6bdc3a9e1b3b8039d6ce2.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Өскемен қаласына барды.Ведомство Шығыс Қазақстан облысында тексеру жүргізеді. Экология министрлігінің баспасөз қызметінде айтылғандай, тексеру жұмыстарына "Өскемен титан-магний комбинатының аумағынан ластаушы заттардың рұқсат етілмеген шығарындылары" себеп болды.Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент экологиялық нормалардың сақталуын бағалау және ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін "ӨҚ ТМК-ға" қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды. Тексеру аймақ экологиясының жағдайына әсер етуі мүмкін кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.Нысанбаев шенеуніктерге бірқатар тапсырмалар берді: Сондай-ақ, министр болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауды, оның ішінде өңірдің басқа да объектілерінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды. Экология министрлігі тексеріс нәтижелерін хабарлауға уәде берді.
https://sputnik.kz/20250121/oskemende-zheke-uyler-ortalyq-zhylu-qubyryna-qosylady---oblys-akimi--50155702.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53749328_125:0:1156:773_1920x0_80_0_0_69d5116ce9c05c4feccb2ebed6889c27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, министрлік, экология
өскемен, министрлік, экология
Өскеменде ауа ластаушы заттар шығарылған: министрлік тексеріс бастады
16:41 21.05.2025 (жаңартылды: 16:50 21.05.2025) Экология министрлігі тексеріс нәтижелерін хабарлауға уәде берді
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар
министрі Ерлан Нысанбаев Өскемен қаласына барды.
Ведомство Шығыс Қазақстан облысында тексеру жүргізеді. Экология министрлігінің баспасөз қызметінде айтылғандай, тексеру жұмыстарына "Өскемен титан-магний комбинатының аумағынан ластаушы заттардың рұқсат етілмеген шығарындылары" себеп болды.
"Сапар барысында министр "ӨҚ ТМК" кәсіпорнына барып, болған оқиғаның мән-жайымен танысты, сондай-ақ компания басшылығымен және жергілікті билік өкілдерімен кездесті", - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент экологиялық нормалардың сақталуын бағалау және ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін "ӨҚ ТМК-ға" қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды. Тексеру аймақ экологиясының жағдайына әсер етуі мүмкін кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
Нысанбаев шенеуніктерге бірқатар тапсырмалар берді:
экологиялық стандарттардың бұзылуына байланысты кәсіпорынның әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) заңдылығын бағалау, сондай-ақ болған оқиғаға құқықтық бағалау жүргізу;
қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық қажетті ықпал ету шараларын, соның ішінде лауазымды тұлғаларды және жалпы кәсіпорынды жауапкершілікке тартуды қабылдау.
Сондай-ақ, министр болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауды, оның ішінде өңірдің басқа да объектілерінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Экология министрлігі тексеріс нәтижелерін хабарлауға уәде берді.