https://sputnik.kz/20250121/oskemende-zheke-uyler-ortalyq-zhylu-qubyryna-qosylady---oblys-akimi--50155702.html
Өскеменде жеке үйлер орталық жылу құбырына қосылады - облыс әкімі
Өскеменде жеке үйлер орталық жылу құбырына қосылады - облыс әкімі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында жеке меншік үйлердің бір бөлігі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының... 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T11:18+0500
2025-01-21T11:18+0500
2025-01-21T11:18+0500
өскемен
жылу
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42034637_0:322:3067:2047_1920x0_80_0_0_83beb424822c1e2f689173cd066d63cb.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында жеке меншік үйлердің бір бөлігі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әкімнің айтуынша, қаладағы ауаның ластануына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соның ішінде кәсіпорындар, көліктер және қаланың географиялық орналасуы бар. Сондай-ақ, жеке меншік үйлер де ауаны ластап отыр. Себебі көбісі көмірді жағады. Осы уақыттың ішінде біраз үйлер жылу жүйесіне қосылады.
https://sputnik.kz/20241127/oskemen-kokshetau-men-semeyde-zhana-elektr-stantsiyasy-salynady---zan-zhobasy-mazhiliske-tusti-48831938.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42034637_84:0:2813:2047_1920x0_80_0_0_ee1ba1a454c1a06fc9baa0c0fcbaca85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, жылу
Өскеменде жеке үйлер орталық жылу құбырына қосылады - облыс әкімі
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында жеке меншік үйлердің бір бөлігі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің айтуынша, қаладағы ауаның ластануына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соның ішінде кәсіпорындар, көліктер және қаланың географиялық орналасуы бар. Сондай-ақ, жеке меншік үйлер де ауаны ластап отыр. Себебі көбісі көмірді жағады.
“Ондай үйлердің саны 30 мыңға жуықтайды. Барлығы көмір жағады, сапасы да көңіл көншітпейді. Осыған байланысты біз облыс бюджетін қайта қарастырып жатырмыз. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Соның негізінде жеке меншік үйлердің бір бөлігі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады”, - деді Көшербаев үкіметтің бүгінгі отырысында. Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстар үш жылға созылады.
Осы уақыттың ішінде біраз үйлер жылу жүйесіне қосылады.