https://sputnik.kz/20241127/oskemen-kokshetau-men-semeyde-zhana-elektr-stantsiyasy-salynady---zan-zhobasy-mazhiliske-tusti-48831938.html
Өскемен, Көкшетау мен Семейде жылу электр станциясы салынады - заң жобасы мәжіліске түсті
Өскемен, Көкшетау мен Семейде жылу электр станциясы салынады - заң жобасы мәжіліске түсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр... 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T10:48+0500
2024-11-27T10:48+0500
2024-11-27T10:51+0500
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45902029_1:0:1848:1039_1920x0_80_0_0_c23c8c1b247d9f6b106dca8f68ee18c6.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, келісімде құрылысқа қажетті жабдықтарды дайындау мен жеткізу, жаңа жылу электр станцияларын салу және пайдалануға беру жұмыстары қарастырылған."Сондай-ақ Қазақстан тарапы Ресейдің мемлекеттік экспорттық кредитін беруге жеңілдікті қаржыландыру тетіктерін орындау шарттары айқындалған", - деді Жаңбыршин.Бұдан бөлек, мәжіліс Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды. Осы құжатта екі ел арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, жаһандық жылуға қарсы шаралар қарастырылған."Қаралып отырған келісім шеңберінде жалпы қуаты 1 Гигаватт жел электр станциясын Жетісу облысында салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру аясында 250-ге тарта тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ 3 000-ға жуық уақытша жұмыс орындары ашылады. Шамамен, 1,8 млрд доллардай инвестиция тарту жоспарланған және 3 500 млрд киловатт сағат жасыл энергия өндірілетін болады", - деп атап көрсетті Жаңбыршин.
https://sputnik.kz/20241018/resey-men-qazaqstan-ush-zhes-salu-maselesin-talqylap-zhatyr-47915935.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45902029_232:0:1617:1039_1920x0_80_0_0_e6bd2f149dc32e621425cf47e5057ce5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс
Өскемен, Көкшетау мен Семейде жылу электр станциясы салынады - заң жобасы мәжіліске түсті
10:48 27.11.2024 (жаңартылды: 10:51 27.11.2024) АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісі Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, келісімде құрылысқа қажетті жабдықтарды дайындау мен жеткізу, жаңа жылу электр станцияларын салу және пайдалануға беру жұмыстары қарастырылған.
"Сондай-ақ Қазақстан тарапы Ресейдің мемлекеттік экспорттық кредитін беруге жеңілдікті қаржыландыру тетіктерін орындау шарттары айқындалған", - деді Жаңбыршин.
Бұдан бөлек, мәжіліс Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды. Осы құжатта екі ел арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, жаһандық жылуға қарсы шаралар қарастырылған.
"Қаралып отырған келісім шеңберінде жалпы қуаты 1 Гигаватт жел электр станциясын Жетісу облысында салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру аясында 250-ге тарта тұрақты жұмыс орны, сондай-ақ 3 000-ға жуық уақытша жұмыс орындары ашылады. Шамамен, 1,8 млрд доллардай инвестиция тарту жоспарланған және 3 500 млрд киловатт сағат жасыл энергия өндірілетін болады", - деп атап көрсетті Жаңбыршин.