"Мен ол күні үйде болдым. Ілияспен телефон арқылы сөйлесіп едім, олар "Эйфория" дәмханасына шақырды. Ілияс Нұрқияс пен Равиль Сәкиев үшеуіміз отырған едік. Сосын Азамат Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев келді, кейін Нұрбол Тоқтаубаев пен Думан Ысқақов келді. Ішке кіріп отыр едік, Нұрбол Тоқтаубаевтың телефонына қоңырау келді. Мен Дархан дегенді естіп қалдым. Нұрбол досын ұрып кеткенін айтты. Біз мән бермей биге араластық. Сосын алып кетейік деді", - дейді Абзал Шынасыл.
"Талғар қаласында полиция басқармасында болғанда тергеушілер "кінәні бір адам мойнына алмаса, барлығыңа қиын болады, өйткені "топпен жасалған кісі өлтіру" деген айып тағылады деді. Бізді ГАЗельмен Қонаевқа апара жатқан кезде көлікте Равиль Сәкиев, Шыңғыс Белғожаев, Азамат Тоқтаубаев болды. Төртеуіміз сөйлесіп отырдық. Сонда Равиль Сәкиев "бір адам қылмысты мойнына алсын, әйтпесе барлығымыз кінәлі боламыз" деді. Менің қолымда пышақ болғандықтан, мен "онда кінәні мен өз мойныма алайын" дедім. Ал Нұрқанатқа пышақ салынғаны үшін кінәні Шыңғыс өз мойнына алды, біз осылай келістік", - деді Шынасыл сотта.