"Нұрғанаттың жамбасына үш рет пышақ сұқтым": сотта басты айыпталушыдан жауап алынды

© Sputnik / Sputnik/Айдана ДайыроваШерзат Полат ісі бойынша сот отырысы
Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Сотта ол басқа күдіктілермен арада келісім болғанын айтып берді
АСТАНА, 21 мамыр - Sputnik. Шерзат өліміне қатысты сотта басты айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынды. Ол бұған дейінгі сөзінен бас тартты. Шерзатты өлтірмегенін, басқа күдіктілермен арадағы келісім бойынша өлімді мойныма алдым деп отыр. Ол марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың жамбасына үш рет пышақ сұққанын ғана мойындайтынын алға тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бар шындықты айтамын деген күдікті Абзал Шынасыл сот залында өзін фото және видеоға түсіруге, бейнесін жариялауға қарсы емеспін деді.

"Мен ол күні үйде болдым. Ілияспен телефон арқылы сөйлесіп едім, олар "Эйфория" дәмханасына шақырды. Ілияс Нұрқияс пен Равиль Сәкиев үшеуіміз отырған едік. Сосын Азамат Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев келді, кейін Нұрбол Тоқтаубаев пен Думан Ысқақов келді. Ішке кіріп отыр едік, Нұрбол Тоқтаубаевтың телефонына қоңырау келді. Мен Дархан дегенді естіп қалдым. Нұрбол досын ұрып кеткенін айтты. Біз мән бермей биге араластық. Сосын алып кетейік деді", - дейді Абзал Шынасыл.

Қасындағылар көлікке отырып кеткенде, Шынасыл қалып қойған. Дәмханада кездескен танысының көлігіне мініп, артынан барған.
"Дана маған ватсапқа "мына жерде төбелес боп жатыр" деп жазды. Дүкенді таппадым, топ адамдар төбелесіп жатқанын көріп, көліктен түсіп қалдым. Төбелестің арасына кіріп кеттім, ұзын бойлы сақалды жігіт тұра ұмтылды, мен оң қолыммен ұрдым. Ол Береке дүкені жаққа тұра жүгірді. Қараңғыда тұрған көліктен мылтық алып шығып бізге қарай келіп, бір рет аспанға атты", - дейді күдікті.
"Мен орнымда қатып қалдым" деген күдікті жан-жағындағылар жан сауғалап қашқанын айтады.
"Ол бізге қарай жақындап, көздеп тұрды. "Таста мылтықты, сөйлесейік" деп едім, ол "жоқ атам" деді. "Атсаң ат" дедім. Сол сәт ол мылтықты атып жіберді, менің құлағымның тұсы шыңылдап кетті. Біздің арамыздан бір бала жүгірді, қаруды тартып алмақ болды, ала алмады. Ол кетіп қалды. Мен Ғайыпбаевтың артынан тығылып бардым", - дейді Шынасыл Абзал.
Күдіктінің айтуынша, мылтық атқан адамның қасында тұрған Шерзат жерге құлаған.
Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Шерзат өлімі: "Мылтық атпа деп жармастым" - сотталушы Равиль Сәкиевтің жауабы
"Мен оның неден құлағанын білмеймін. Шалынып құлаған шығар деп ойладым. "Скорая" деп айқайлады. Сол жерде барып тептім, сосын ұрдым. Біреу арқамнан тартты. Ол Дархан Әскентай екен. Мен Нұрғанат Ғайыпбаевты қашып кетті деп ойлаппын. Оны сүйреп алып кетіпті. Ол жатыр екен, жамбасы жартылай ашық болды, мен Ғайыпбаевқа үш рет пышақ сұғып алдым", - дейді күдікті.
Ол пышағын қалай тазалағанына дейін айтты. Күдікті Шынасыл жәбірленушілердің ешқайсысын танымайтынын жеткізді.
"Мен Нұрғанат Ғайыпбаевқа ғана дене жарақатын салдым. Пышақтың ұшын ғана жамбасына сұғып алдым. Кісі өлтіру деген ойым болған жоқ. Егер ондай ойым болса маған ешкім кедергі емес еді. Үлкен кісіні итерген секілді әрекеттер болған емес. Сақалды адам мылтық атты, сол себепті соған ыза болып пышақ салдым. Ол бес метрдей жерден оқ атты, нақты мені көздегендей болды", - дейді күдікті.
Сотталушы төбелестің басқа қатысушыларымен келісім болғанын да мәлімдеді.

"Талғар қаласында полиция басқармасында болғанда тергеушілер "кінәні бір адам мойнына алмаса, барлығыңа қиын болады, өйткені "топпен жасалған кісі өлтіру" деген айып тағылады деді. Бізді ГАЗельмен Қонаевқа апара жатқан кезде көлікте Равиль Сәкиев, Шыңғыс Белғожаев, Азамат Тоқтаубаев болды. Төртеуіміз сөйлесіп отырдық. Сонда Равиль Сәкиев "бір адам қылмысты мойнына алсын, әйтпесе барлығымыз кінәлі боламыз" деді. Менің қолымда пышақ болғандықтан, мен "онда кінәні мен өз мойныма алайын" дедім. Ал Нұрқанатқа пышақ салынғаны үшін кінәні Шыңғыс өз мойнына алды, біз осылай келістік", - деді Шынасыл сотта.

Күдікті Қонаевтағы полиция департаментінде өзара келіскен осы нұсқаны айтып бергенін мәлімдеді.
Кейін сотта Шерзаттың ағасы мен Абзал Шынасылды бетпе-бет кездестірген сәттегі видеосы көрсетілді. Марқұм Нұрғанат Ғайыпбаев төбелес кезінде пышақ Абзал Шынасылдың қолында болғанын, Шерзатты сол пышақтағанын айтқан.
Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Шерзат өлімі: "Мылтық атпа деп жармастым" - сотталушы Равиль Сәкиевтің жауабы
Жаңалықтар
0