Шерзат өлімі: "Мылтық атпа деп жармастым" - сотталушы Равиль Сәкиевтің жауабы

© Photo : © Верховный суд Казахстана/YouTube/скрин видеоТалдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы
Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Жазылу
Сотталушы өзіне қатысты айыппен келіспеді
АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. 9 сотталушының бірі Равиль Сәкиев прокурор таққан айыппен келіспеймін деді. Сотталушының айтуынша, Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев жалған түсініктеме берді.
Айтуынша, ол Нұрғанат Ғайыпбаевпен 2017 жылдан бері таныс, араздық болмаған. Сотталушы Ғайыпбаевты жақсы адам болған деп мінездеме берді.
"Дүкенге барғанымызда бір келеңсіздік болып жатқанын түсіндім. Бір уақытта Нұрғанат келіп қолымнан былай тартып әкетіп, "братишкам сендердің бір жігітті ұрып қойыпты" деді. Кімді деп ем, бір жігітті көрсетті. Мен ол адамды танымайтынымды айттым. Ары қарай сөйлесе беріп ек, төбелес басталып кетті. Нұрғанат солай жүгіре жөнелді", - дейді сотталушы Равиль Сәкиев.
Оның айтуынша, Нұрғанат мылтықтан оқ ата бастаған. Екінші рет атқанда бұл барып қолына жармасыпты.
"Мылтығына жармасып жатып, аяғым шұңқырға ма, бір нәрсеге шалынып құлап қалдым. Сосын артқа қарай жүгірдім. Кейін Нұрқанат Ғайыпбаевпен бетпе-бет кездесу болғанда мен оның мылтықтан оқ атқанын айттым. Сол сәт Ғайыпбаев "мені пышақтаған осы" деп айтты. Неге олай айтты білмеймін", - дейді сотталушы.
Сәкиев оқиға болған соң тек 20 күн өткенде ғана Ғайыпбаевтың өзіне қатысты түсінік бергенін, әрі оның жалған екенін айтады.
Сотталушы өзіне қатысты айыппен келіспеді. Бірақ Ғайыпбаевтың арқасынан екі рет тепкенін мойындады.
Бүгінгі сот отырысында сотталушы Шыңғыс Белғожақовтан да жауап алынды. Ол мылтық атқан сақалды адамды Шерзатпен шатастырдым дейді.
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
"Бұл – біздің тема, ешкімге айтпа": Шерзат өліміне қатысты күдіктілер не деген
Жаңалықтар
0