"Бұл – біздің тема, ешкімге айтпа": Шерзат өліміне қатысты күдіктілер не деген

© Sputnik/Айдана ДайыроваШерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Сотта төртінші куәгерден жауап алынды
АЛМАТЫ, 28 сәуір - Sputnik. Сотта төртінші куәгер Арлан Қазыкенов жауап берді. Бұл куәгер де күдіктілер арасынан Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясовты ғана танитын болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен Нұрқиясқа звондап, осы көшеде төбелес болыпты, сіз білесіз бе, білмейсіз деп сұрадым. Ол білмеймін деді. Өйткені оқиға болған жерде мерседес көлігі болғаны туралы айтып жатты. Сөйтіп Нұрқиясты алып кетуге көлікпен Рысқұлов ауылына Нұрқиястың айтқан жеріне келдік. Дәл сол кезде бейнежазба көрмедім, бірақ төбелес болғанын айтты. Қалай болды, кімді кім ұрды ол жағын естімедім", - дейді куәгер Қазыкенов.
Куәгердің айтуынша, Нұрқияс Ілиясовты алып кетуге келгенде нөмірі жоқ екі көлік тұрған. Ілиясов бұларға “Бұл біздің тема, ешкімге айтпа” деген. Қазыкенов полицияға қорыққанынан хабар бермегенін айтты.
“Нұрқияс маған жаңа трасса бойында қалдырып кет деді. Машинаға Нұрқияс, Абзал сосын тағы бір қыз отырды. Мерседес көлігі келе жатып бұрылды. Развилкада біреумен ерегесіп қалды ма, тоқтадық. Нұрқияс Равильді тыныштандырып, менің көлігіме отырғызды. Сол кезде нива көлігі қарсы шықты, полиция келіп ұстады”, - дейді куәгер.
Куәгердің айтуынша, өздері алып кеткен адамдардың төбелеске қатысы барын білмеген.
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
"Біз келгенде тірі болған": Шерзат ісіне қатысты тағы бір куәгерден жауап алынды
Жаңалықтар
0