https://sputnik.kz/20250428/biz-kelgende-tiri-bolgan-sherzat-isine-qatysty-tagy-bir-kuagerden-zhauap-alyndy---52947696.html
"Біз келгенде тірі болған": Шерзат ісіне қатысты тағы бір куәгерден жауап алынды
"Біз келгенде тірі болған": Шерзат ісіне қатысты тағы бір куәгерден жауап алынды
Sputnik Қазақстан
Куәгердің сөзінше сол сәтте таныстарының қылмыстық оқиғаға қатысы барын білмеген 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T17:45+0500
2025-04-28T17:45+0500
2025-04-28T17:45+0500
шерзат полат
сот
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52364281_234:529:933:922_1920x0_80_0_0_ebb67870e2a0bda17e0de42bf7810a7f.jpg
АЛМАТЫ, 28 сәуір - Sputnik. Сотта үшінші куәгер колледж студенті 2006 жылғы Юлдаш Розыбакиевтің жауабы тыңдалды. Розыбакиев сотталушылардың екеуін ғана танитынын айтты. Ал жәбірленуші тараптан ешкімді танымайтын болып шықты. Куәгердің айтуынша, олар келгенде жерде жатқандар тірі болған. “Екі адамды көлікпен алып кетті. Солар жатқан жерде күлгін бас киім мен жасыл түсті гилзаларды алып, қалтасына салып, көлікпен кетіп қалды. Артынша жедел жәрдем мен полиция келді”, - дейді Розыбакиев. Куәгер ауыл жаққа барып, досы Қазыкенов екеуі Нұрқияс Ілиясовты алып кетпек болады. Розыбакиевтың айтуынша, сол кезде топтағы адамдар мас күйде болған. Көлікте қандай әңгіме айтылғанын естімеген. Куәгер таныстарының қылмыстық оқиғаға қатысы барын сол сәтте білмеген. Айта кетейік, қылмыстық оқиғаға қатысты алты куәгерден жауап алынады. Оның екеуі қылмыс болған кезде оқиға орнында болған екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді. Екі қыз да сот алдында берген жауабында мылтық алып шығып 2-3 рет топ адамға оқ атқан Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев екенін айтты.
https://sputnik.kz/20250428/qoryqqannan-eshkimge-khabarlaspadym-sherzat-polat-sotynda-ekinshi-kuager-qyz-zhauap-berdi-52945868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52364281_131:281:1031:956_1920x0_80_0_0_101088c9a62ea6e3e59f897e69bba99c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шерзат полат , сот
"Біз келгенде тірі болған": Шерзат ісіне қатысты тағы бір куәгерден жауап алынды
Куәгердің сөзінше сол сәтте таныстарының қылмыстық оқиғаға қатысы барын білмеген
АЛМАТЫ, 28 сәуір - Sputnik. Сотта үшінші куәгер колледж студенті 2006 жылғы Юлдаш Розыбакиевтің жауабы тыңдалды.
Розыбакиев сотталушылардың екеуін ғана танитынын айтты. Ал жәбірленуші тараптан ешкімді танымайтын болып шықты.
“Біз достарымызбен әкімдік ғимараты жанында тұрғанбыз. Данияр, Дарын, Дәулет төртеуміз тұрдық. Даниярдың мамасы хабарласып, Талғарда төбелес болып жатыр екен, сендер қайдасыңдар деп сұрады. Біз әкімдік жанындамыз дедік. Мамасы бізге төменге түспеңдер деді. Біз үш көлікке мініп оқиға орнына бардық. Барсақ 20 шақты адам жиналып қалыпты. Жерде екі адам жатыр екен”, - дейді Юлдаш Розыбакиев.
Куәгердің айтуынша, олар келгенде жерде жатқандар тірі болған.
“Екі адамды көлікпен алып кетті. Солар жатқан жерде күлгін бас киім мен жасыл түсті гилзаларды алып, қалтасына салып, көлікпен кетіп қалды. Артынша жедел жәрдем мен полиция келді”, - дейді Розыбакиев.
Куәгер ауыл жаққа барып, досы Қазыкенов екеуі Нұрқияс Ілиясовты алып кетпек болады.
“Ауыл жаққа келсек 6-7 адам, мерседес пен гольф көліктері тұр екен. Түн қараңғы, Нұрқияс Ілиясов көліктеріңе барып отыра тұрыңдар деді. 5 минуттан соң Абзал Шынасыл, Нұрқияс Ілиясов және бейтаныс бір қыз келіп көлікке отырды. Нұрқияс бізге төмен түсеміз деп айтты. Арт жақта мерседес келе жатып, басқа бағытқа кетті, біз оның артынан ердік. Біздің көлікке басқа адамдар ауысып отырды. Біз төменге түскенде полиция қызметкерлері ұстады”, - дейді куәгер.
Розыбакиевтың айтуынша, сол кезде топтағы адамдар мас күйде болған. Көлікте қандай әңгіме айтылғанын естімеген. Куәгер таныстарының қылмыстық оқиғаға қатысы барын сол сәтте білмеген.
Айта кетейік, қылмыстық оқиғаға қатысты алты куәгерден жауап алынады. Оның екеуі қылмыс болған кезде оқиға орнында болған екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді. Екі қыз да сот алдында берген жауабында мылтық алып шығып 2-3 рет топ адамға оқ атқан Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев екенін айтты.